Болат Ержанов Алматы Халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы Халықаралық әуежайының" президенті лауазымына осыған дейін компанияның тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде атқарушы директор қызметін атқарған Болат Ержанов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Болат Ержанов 1966 жылы 9 желтоқсанда Павлодар облысында дүниеге келген. Омск азаматтық авиация училищесінің түлегі.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация басқармасының бірлескен авиациялық құрамында бастады. 1997 жылдан 2003 жылға дейін «Эйр Қазақстан» авиакомпаниясында, «Ертіс Авиа» авиакомпаниясында жұмыс істеді, 2003 жылдан бастап Алматы Халықаралық әуежайында басшылық қызметтер атқарды. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі атқарушы директор болды.
Алматы әуежайы - Орталық Азия мен Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ұшу қарқындылығы сағатына 12-15 ұшақ немесе тәулігіне 170-ке жетеді. 2017 жылы 5,7 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта, әуежай тәулігіне 13 мың. 500 жолаушыға дейін қызмет көрсетеді.
Пікір қалдыру