Алматыда 20 жастағы жігітті көлікпен қағып, арыққа лақтырыg кеткен. Бұл жайында Tengrinews жазады. Сонымен қатар жігіттің тістері сынған, аузы мен мұрны жырылған.
Оқиға Төле би мен Байзақов көшесінің қиылысында 8 маусымда таңғы 9-да болған.
— Әдетте ол 40 минут көлікпен жүреді. Артынша Байзақов көшесіне шығып, жаяу жүреді. Сол күні де ұлым дәл солай жүрген, - дейді жігіттің анасы.
Жігіттің өзі бағдаршам мен қатты келе жатқан көлікті ғана есінде сақтаған.
Жігітті ауруханаға жеткізген кезде қанында көп мөлшерде спирт табылған. Жігіттің анасының айтуынша, оны қаққан адам шетке шығарып, ішімдік ішкізген.
— Меніңше оны қағып, жақын жерге апарып, ішімдік ішкізген. Оның тістері сынған, ерні жырылған, тамағы күйіп қалған. Менің ұлым ішімдік ішпейді. Ол сол күні жұмысқа бара жатқан. Қазір тамақты байқап жейді, оған әзір жүруге болмайды, бас күйегі зақымданған. Біз басында не болғанын білмедік. Көлік қаққаны жайлы оның өзі айтты. Оқиғаның қалай болғанын айтқанда бірден полицияға хабарластық. Полиция қызметкерлері «мас болды, төбелесті, құлап қалды» деп түсініктеме беруге мені мәжбүрледі, - дейді жігіттің анасы Марина Долгалева.
Пікір қалдыру