Мақтаралда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді

/uploads/thumbnail/20180618123801202_small.jpg

Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні. Аудан көлеміндегі ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі Қ.Жандарбеков атындағы облыстық драма театрында салтанатты түрде аталып өтті.

Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып, медицина қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар сала үздіктеріне аудан басшысы атынан «Алғыс хат» табыстады. Сондай ақ шарада "Нұр Отан" партиясының Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ə.Байдұллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ə.Исаев, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Шнетов, Мырзакент орталық ауруханасының бас дəрігері А.Егембердиев, Атакент орталық ауруханасының бас дəрігері Ұ.Жұрымбетова, Асықата орталық ауруханасының бас дəрігері Б.Утеулиева әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, халық денсаулығын сақтау жолында талмай еңбек етіп келе жатқан бір топ дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы» мен «алғыс хатын» және өз аттарынан бағалы сыйлықтар табыс етті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан "Еңбек сіңіргені үшін" медалімен ұзақ жылдар бойғы ғұмырын медицинамен байланыстырған Болыс Құдайбергенұлы марапатталды. Салтанатты шарада облыстық драма театры əртістерінің ауданның медицина саласының қызметкерлеріне арналған концерттік əн шашу бағдарламасына ұласты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар