Қазақстандық автокөлік нарығында Toyota көш бастап тұр

/uploads/thumbnail/20180618122636670_small.jpg

2018 жылдың мамырында республика аумағындағы ресми дилерлер 5263 жеңіл автокөлік сатқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көрсеткіш сәуір айына қарағанда 15,3 пайызға өскен.

Қазақстандықтар мамыр айында су жаңа жеңіл және жүк көліктерін, сонымен қатар автобус сатып алуға 48,2 миллиард тенге қаражат жұмсаған. Ал қаңтар-мамыр айларындағы жеңіл автокөліктердің орташа бағасы 8 156 522 теңгені құраған. Өткен жылғы мамыр айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 35 пайызға көп.

Қазақстандық автобизнес ассоциациясының мәліметіне сүйенсек, мамыр осы жылдағы ең нәтижелі әрі табысты ай болып отыр. Ресми дилерлер 4661 жеңіл автокөлік, 602 бірлік ауыр коммерциялық техника сатқан. Жыл басынан бері 21 586 су жаңа темір тұлпар өз иесін тапса, бұл дәл осы уақыттағы өткен жылғы көрсеткіштен 40 пайызға артқан.

Сатылымы жоғары автокөліктердің ондығында Toyota көш бастап тұр. Жыл басынан  бері 1204, ал мамырда 595 осы маркадағы автокөлікті салоннан жаңа иелері алып кетті. Аталмыш марканың сатылымдағы белсенділігі Camry 70-ке сұраныстың көптігіне байланысты. Қазірдің өзінде қазақстандық нарықта Toyota-ның тапшылығы байқалады. Сарапшылар бұл дефицит кем дегенде жаздың аяғына дейін созылады дейді.

Toyota 70

Сатылым көрсеткіші бойынша ресейлік Lada Granta екінші орында келеді. Бұл айда 365 Lada-ға жаңа қожайын табылды.

lada granta

Ал үшінші орынға Hyundai Accent жайғасты. Мамырда жалпы саны 302 Hyundai Accent маркалы автокөлік сатылып кеткен.

Hyundai Accent

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар