Көліктің тез тозуына «көмектесетін» жүргізушілердің 5 зиянды әдеті

/uploads/thumbnail/20190319120456031_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігі көлік жүргізушілеріне бірнеше пайдалы кеңес ұсынады. Бұл қателіктерді әрбір көлік жүргізуші біліп, тиісті шара қолданып жүргені абзал. 

Тіпті ең тәжірибелі көлік жүргізуші де көліктің жағдайын «аянышты» күйге түсіретін қателіктерге жиі ұрынып жатады. Жүргізуші көлігін барынша ұқыпты айдап, «қамқор» болатындай көрінеді. Алайда кей білместігінің кесірінен көлігінің өмірін «қысқартатынан» хабарсыз. Мәселе мынада. Әрбір көлік жүргізуші білуі тиіс бірнеше қатып қалған қателіктер бар. Ендеше, сол қателіктерді біле жүріңіздер.

1.Қырғыш щеткалар

көлік

Мұндай әдіспен көлік шанағына зақым келтірмеу мүмкін емес.

Көптеген жүргізуші көлік шанағын тазалауға щетка мен қырғыштарды пайдаланады. Мұның бәрі – үлкен қателік. Мұндай құралдарды пайдалану көліктің лак-бояу қаптамасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер ол тіпті қар немесе балшық болса да, көлікке арналмаған құралдармен тазаламаған абзал. Көлік тазалауға арналмаған щеткалар мен қырғыштар көліктің сыртына «орны толмас» із қалдыруы  мүмкін.

2.Қосымша тіреуіш

көлік

Есіктер біз ойлағанан да әлсіз, бос болады.

Көптеген көлік жүргізушілер көліктің есігін тіренуге, сүйенуге, асылып тұруға арналмағандығын жиі ұмытып кетеді. Әсіресе, салмағы ауыр жүргізушілердің есікті сүйеніш ретінде жиі пайдалануы - «ғұмырын қысқартады». Дәл осы ескерту көліктің рөліне де қатысты. Оны да сүйеніш ретінде жиі пайдалану - рөлдің «түбіне жетеді».

3.Рөлді бостан-босқа айналдыру

көлік

Бұлай істеудің керегі жоқ.

Тіпті кейбіреулер көлік тоқтап тұрғанда рөлін айналдыру өте жаман әдет екенін білмейді де. Мұндай әрекет рөлдің тораптарын босатып, зақымдап, рөлдің жүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді. Мұндай тәжірибе рөл күшейткішке де, сонымен қатар, дөңгелектің резеңкесіне де кері әсерін тигізеді. Былайша айтқанда, қарапайым болмашы әрекет өте қымбат жөндеу жұмыстарының себебі болуы мүмкін.

4.Орындыққа тіземен отыру

көлік

Бұл әдет өз ізін қалдырмай қоймасы анық.

Дәл бұл әрекетті әрбір жүргізуші өмірінде бір рет болса да жасап көргені айдан анық. Орындығына тіземен отыру көлікке қандай зиян келтіруі мүмкін? Оған қоса, ондай әрекетті тіпті жолаушылар да жасайды, әсіресе, балалар. Бірақ балаларға қарағанда ересектерің салмағы ауыр болады. Мұндай аңқау әрекетімен орындыққа, әсіресе, оның жылыту жүйесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

5.Қолмен реттеу

көлік

Арнайы механизм бар.

Бүйірдегі айналардың пайдалану нұсқаулығында айнаны қолмен жылжытуға болмайды деп ерекшелеп тұрып жазылған. «Ресми» ескертуге қарамастан, көптеген жүргізуші жазылған ережені барынша елемеуге тырысады. Мұның қандай зиян болуы мүмкін? Тым қатты немесе ебедейсіз қозғалтудың нәтижесінде айналардың электрсымдарына зақым келтіріп, тіпті істен шығарып тастау оп-оңай.

Қай затты болмасын өз тәртібімен, ережесіне сай пайдаланса, өз ақысын өтейтіндей мерзім қызмет етері анық. 

Дереккөз: prikolno.cc

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар