Бердібек Сапарбаев: Жалақы жыл сайын көбеюі керек

/uploads/thumbnail/20180823205921768_small.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Машбекұлы жалақы жыл сайын көбеюі керек деп мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол үкіметте еңбек қатынастарын реттеу шаралары қарастырылған отырыста айтты. 

"Келесі өзекті мәселе - ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеру. Қазір 184 мың кәсіпорында 958 мың адамның жалақысы өсті.Ендігі міндет – әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде көбейтілуі керек. Біз енді жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек. Ең төменгі жалақы 42 500 теңгеге көтерілді. Қазіргі таңда елімізде орташа жалақы 176 мың теңге болып есептеледі", - деді Бердібек Сапарбаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар