Ат күші – бұл бір секундта 30,48 см биіктікке 247,5 келі салмақты көтеру энергиясы. XIX ғасырдың соңында шотланд инженері Джеймс Уатт (1736—1819) өзі құрастырған бу қозғалтқышындағы су айналымының қуатын өлшеуге ат күшін алады. Себебі қозғалтқышқа дейін су тарту жұмыстарында жылқылар пайланылатын болған.
Джеймс ат күшін анықтау мақсатында бірнеше жылқыны тәжірибеден өткізеді. Сонымен орта қуатты жылқы мүмкіндігінше бір минутта 67,5 келіні 66,7 метрге жеткізе алыпты. Осылай бір аттың күші секундына 745,2 джоуль есебіне теңестіріледі.
"Ат күші" термині автомобильдер өндірісі қолға алынғаннан бері ара-тұра қолданыла бастаған. Қазіргі кезде де көлік немесе авиация қозғалтқыштарының қуатын анықтау үшін қолданылып келеді. Орта қуатты көліктің қозғалтқышы сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жетуі үшін кем дегенде 20 ат күшіне ие болуы керек.
Көлік өндірісі ілгерілеп дами бастаған кезде, алғашқы толыққанды жұмыс істейтін бензинді қозғалтқышты Карл Бенц пен Готтлиб Даймлер ойлап табады. Өздерінің атсыз жүретін арбасын құрастырғаннан кейін Бенц пен Даймлер екі бөлек жұмыс істей бастайды. Екеуі де іштен жанғыш қозғалқыштарды ары қарай дамытып, көлемін де біршама кішірейте алды.
Бенц өзінің үш дөңгелекті көлігін 1885 жылы, ал Даймлер төрт дөңгелекті көлігін 1887 жылы шығарады. Дегенмен олар алғашқыда ат күшімен өлшенбеді. Себебі бу қозғалқышының технологиясы екі неміс өтертапқышының жасаған құрылымынан мүлде өзгеше болатын. Дегенмен, бұған дейін 1826 жылы лондондық Самуэл Браун бензин қозғалтқышына шамалас болатын құрылғымен жүретін көлікті шығарып, оның қуатын 4 ат күшіне теңеген. Одан кейін де аталған термин біршама ұмытылып, қолданыстан шығып қалады.
Бірақ не болғанмен алғашқы қозғалтқышты құрастырушылардың идеясы кейін қолдауға ие болып, “ат күші” көлік қуатының бір өлшемі ретінде тіркеледі.
Дереккөз: Массагет
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру