Сұлтанбек Сұлтанғалиев: Әблязов – жүйеге қарсы адал «жауынгер» емес

/uploads/thumbnail/20190506015514343_small.jpg

Көк шарлар, Георгий лентасына қарсылықтар, ҰОС ардагерлеріне қарсы шығу, Мәңгілік алау мен Екінші дүниежүзілік соғыстың естеліктеріне өзге көзқарас қалыптастыру сияқты Әблязовтың "тосынсыйларының" санын тізе беруге болады. Мамыр айындағы оппозициялық қозғалыстың белді мүшесі Мұхтар Әблязовке қатысты саясаткер Сұлтанбек Сұлтанғалиев Караван сайтына сұхбат ерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Мұхтар Әблязовтың мамыр айындағы мерекелер қарсаңында халықты рұқсат етілмеген шерулерге шақыруы – араздық тудырудың айқын көрініс. Ол бұл типтегі шараларға қатысқан азаматтарды полицияның аяусыз жазалайтынын жақсы біледі. Рұқсат етілмеген шерулер ұйымдастыру – бейбіт шерулер турасындағы қазіргі заңды бұзу болып саналады", - дейді белгілі саясаткер.

Оның айтуынша, белсенді оппозиционерге бұл тәсілді уақыт сайын қайталап отыру пайдалы. Өйткені, ол осы айласы арқылы өзінің басына төніп тұрған Қазақстанға, Ресейге, Украина мен Швейцарияға экстрадициялау қаупін сейілте түседі. Мұхтар Қабылұлы аталған елдерде қаржылық қылмысы үшін іздестірілуде. Ал Отанында кісі өліміне қатысы бар деген де сыбыс бар.

"Қорыта айтқанда, бұлардың бәрі қулығына құрық бойламайтын саясаткердің технологиялары. Әблязовты қазіргі жүйеге адал түрде қарсы тұрып жүрген "жауынгер" деп айту қисынсыз", - деп түйді сөзін саясаткер.

Сондай-ақ, Сұлтанбек Сұлтанғалиев шеруге мүгедектермен, кішкентай балаларымен шыққан азаматтар да әлгі айланың құрбаны екенін айтты. Бұл жымысқы тәсіл арқылы ол қоғамдағы шудың үлесін арттыра түспек.

Аударған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар