Мәскеуден Мурманск қаласына бағы алған Superjet 100 жолаушылар ұшағы жанып бара жатқан соң апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Құзырлы органдардың айтуы бойынша, әуе кемесіне аспанда найзағай түскен деп хабарлайды ТАСС сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуы бойынша, әуедегі ұшақты найзағай екі рет соққан.
"Апаттың ең негізгі нұсқасы – найзағайдың түсуі. Соның әсерінен автоматтандырылған жүйе істен шыққан", - деп түсініктеме берді жауапты тұлғалар.
Ұшаққа найзағай түскенін экипаж мұшелері де жоққа шығармайды. Бұрынырақ жай отының әсерінен әуе көлігінің толықтай жанып кету мүмкіндігі туралы дабыл қағылған еді.
Аударған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру