Солай да солай орекеңдердің көкесі мұсылман дінін қабылдапты... Желі дегеннің жылдамдығын айтсайшы, сіздерде естіген боларсыздар. Осындай ақпарат жылт етіп мағанда жетті. Сосын қызыл алаң жаққа қыбылаға қарағандай қарап тың-тыңдай бастадым. Ұзын құлақтан естуімше рас сияқты. Сол жақтағы сенімді молда-қаралардың айтуынша Путекең мешітке өзі келіпті, саналы түрде сұраса керек "Мұсылман болу үшін ең алдымен неден бастаймын?" деп.
─Мұсылман болу үшін ең әуелі сүндетке отыру керек, ─ деп жымиыпты молдекең ұстарасын жалаңдатып отырып. Әр істі ойланып барып істейтін Путекең сәл кідірстен кейін─ ол қалай ?, - деп сұраған көрінеді.
─ Ол оңай,- депті молдаекең,─сал-сал... неғып... кесу керек.
Путекеңде ер ғой жарықтық, бұл жолы ойланбастан толғанбастан:
─Мейлі..., - депті, ─ ажырасатын қатыннан ажырасып тындық енді не керек , қалай кессеңдерде еріктерің.
Міне сол күннен бастап орекеңдердің көкесі мұсылман болыпты. Жуықтан бері ақпарат құралдарының жерден жеті қоян тапқандай жарыса жазып Путекеңнің денсаулғы нашар екен, сырқаттанып қалыпты дегендері судай өтірік, мен білсем Путекең сүндеті жазылмай жатыр. Кеше алаңдаушылық білдіріп Кремльге телефон шалып едім бәрі жақсы жақын арада жүре бастайды деді. Осы орайда сұрап үйренген су ауыз тыныш тұра ма “Ол кісі неге мұсылман дінін қабылдады?” деп қойып кеттім. Призденттің баспасөз қызметінен түсінгенім оның бір қанша себептері бар деді:
Бірінші себеп, Батысқа өкепелегендіктен. Екінші қазақстаннан сүндет ат мінгісі келді. Үшінші және ең маңыздысы сүндетке отырған адамға ақша тыстайтын жақсы салт бар екен, елміздің экономикасы құлдыраған тұста қаржы мәселесімен басшымыз сүндетке отыру арқылы мұсылман ағайындардан біраз ақша жиып алмақшы, әсіресе ақшаны көп тастайтын қазақтардан деп түсіндірді. Ниеті түзіу болсын!
Жұмаділ Жарқынбек