"Жұлдыздар отбасы" журналының бас редакторы қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырып шықты

/uploads/thumbnail/20170708171729601_small.jpg

Президенттікке өзін-өзі ұсынған "Жұлдыздар отбасы" журналының редакторы Жарылқап Қалыбай сынақ тапсырып, оны сәтті аяқтап шықты.

"Жарылқап Қалыбай Сейдләұлымен емтиханды аяқтадық. Жазба жұмысының тақырыбы - "Отты жылдар тағылымы". Жұмыс өте сауатты жазылған. Тақырыпты ашты, жұмысында қате жоқ. Бәріміз риза болып отырмыз", - деді үміткердің емтихан қорытындысымен таныстырған комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков. Комиссия төрағасының айтуынша, үміткер екінші кезеңде Бауыржан Момышұлының прозасынан мәтінді де мәнерлеп, нақышына келтіре оқыған. "Үшінші тақырып - "Мәдени мұра - байтақ қазына". Бұл да көкейге қонымды жақсы әңгіме болды. Емтиханға келген азаматтардан әуелі елбасы одан кейін Жарылқап сияқтылар болса, деп әңгіме еттік. Лингвисткалық комиссияның қорытындысы - Жарылқап Қалыбай Сейдләұлы қазақ тілін еркін меңгерген", - деген ол үміткерге алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Қатысты Мақалалар