Германияның әскери бюджеті тек 1%, ал АҚШ талабы НАТО-ның әр мүше мемлекетінен Ішкі жиынтық өнімнің 1% нен 4% ке дейін көтеруді талап етеді. Бүгінгі таңда Ресейден қорғану ауыртпалығын негізінен АҚШ көтереді. Есесіне, Германия Ресейден көптеген миллиард долларға газ сатып алады да, Ресейді күшейтеді дейді Трамп. Сондықтан АҚШ Германиядан Ресейге қарсы әскери шығындарды 4% жеткізуді талап етеді. Германия АҚШ-ты ақымақ мемлекет деп есептемесін деп АҚШ Президенті Трамп наразылығын білдіреді. Соңғы жылдары АҚШ экономикасы әскери шығындардың көптігінен бәсекелестік мүмкіндігін төмендетіп келеді. Германия автомобильдері АҚШ рыногында қаптап, АҚШ автоларының бәсекеге қабілеті төмендеп келеді. Сол себепті Европа тауарларына АҚШ баж салығын салмақ. Еркін сауда принциптерінің орнына протекционизм саясаты келеді.
P.S. Ресей баспасөзі және Ресейдің сөзін сөйлейтін батыстың солақай баспасөзі Трампты әумесер-ақымақ ретінде көрсетеді. Ал АҚШ экономикасы Трамптың реформаларының әсерінен көтеріліп келеді, сондықтан АҚШ азаматтарының симпатиялары күшейіп келеді. Трамп Обама сияқты сыпайыгершілікті қойып, одақтас мемлекеттерге - Германия канцлері Меркелге шын талаптарды батыл қойып келеді. Ал Батыс Европадағы НАТО-дағы одақтастар барлық әскери шығынды АҚШ-қа өңгермек. Сондықтан АҚШ азаматтары өз президентін қолдауды күшейтті. Сол сияқты Трамптың шындықты бетке басып айтатын әдетін де қолдайтын болды. Трамптың ұстанымы бойынша АҚШ-ты ұлы мелекетке айналдыру мақсатын орындау үшін ешбір мемлекетті мойынға отырғызбай, масылдық жасатпау талабын орындатпақ.
Пікір қалдыру