Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім жүйесіне қатысты нормативтік құқықтық актіге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген хабарламада.