Путин джентльмен болмай шықты

/uploads/thumbnail/20180716154737732_small.jpg

Футболдан әлем чемпионаты кезінде Хорватия мен Франция президенті жаңбырдың астында қалған уақытта, Путиннің қолшатырмен тұрғанын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Көбі Ресей президентінің әйел адамды жауынның астында қалдырғанын айыптады. Хорватия мен Франция президенті жаңбырдың астында қалған. Екеуі малмаңдай су болғаннан кейін ғана оларға қолшатыр әкеп берген.

Президенттер

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шенеуніктер де осыған ұқсас жағдайды бастан өткерген. Сол кездегі Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев жаңбырлы күні өзі қолшатырдың астында тұрып, соғысқа қатысқан қария жаңбырдың астында қалған.

жаңбыр

Бұл жағдай халық арасында қызу талқыланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігі түсініктеме берді.

Қария

Онда әкімнің орынбасары соғыс ардагерінің қолшатырсыз тұрғанын байқағаннан кейін көмекшісіне қарияны жаңбырдан қалқалауын сұрағаны айтылады.

Барша шенеунікке АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың әрекеті үлгі боларлықтай. Обама ұшақтан түскеннен кейін жаңбырлы күні екі әйелді қолшатырымен ғимаратқа дейін жеткізіп салды. Президенттің қолшатырды көмекшісіне ұстатпағанын да халық жоғары бағалады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар