Қасіреттің қара суын көп ішкен,
Тынып жатыр еңіреген ел іштен!
Қастандықпен хас батырлар көз жұмған,
Бүгін тағы қол бұлғады Денис Тен!
Оралатын барған жерден жеңіспен!
Өнері мен өң тұрпаты келіскен!
Жалауымды желбіреткен жас тарлан,
қиылғаны-ай қыршынынан Денис Тен!
Қазақ жұрты киелі ме ең, кеніш пе ең?!
іріп бітті ірі халқым неге іштен?!
Бауырыңа талай жұртты бассаң да,
Құшағыңа симай кетті Денис Тен!
Қуанышбайтегі Қабиденнен
Пікір қалдыру