Сайрагүл Сауытбайдың соты 1 тамызға шегерілді

/uploads/thumbnail/20180723174127018_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігіБүгін Жаркенттегі Панфилов аудандық сотында отбасымен қауышу үшін Қытай мен Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың соты болды. Прокуратура мен айыптаушы тарап уақыт сұрағандықтан сот 2018 жылдың 1 тамызына шегерілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сот отырысына елдің әр өңірінен журналистер мен қоғам белсенділерінен 100-ге жуық адам жиналды.

Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан соттың кейінге шегерілуінен күдіктенудің қажеті жоқ дейді. Сот процесінде бұл қалыпты жағдай екен.

Бұған дейін Сайрагүл Сауытбайдың соты екі мәрте өткізілді. 9 шілде күні өткен алғашқы сот отырысы соттың орыс тілінде өткізілуіне байланысты кейінге қалдырылған. Онда соттың қазақ тілінде өтуі сұралды. Нәтижесінде талап қанағаттандырылып, 13 шілдеде кезекті сот отырысы ұйымдастырылды. Айыпталушы Сайрагүл Сауытбай Қытайда өзін өлім жазасы күтіп тұрғанын, Қазақстанда кез-келген жазаға дайын екендігін айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар