Қиясовтың шешесі: «Балам Денис Теннің өліміне кінәлі емес»

/uploads/thumbnail/20180723175642696_small.jpg

Денис Тенді пышақтап өлтірді деген айыппен темір торға қамалған екі күдіктінің біреуі Нұралы Қиясовтың ет жақындары инстаграмдағы today_kz парақшасында видео үндеу жариялаған болатын.

«Камерада ешнәрсе көрсетілмеген. Жай ғана екі бала өтіп бара жатыр. Біреулер мойындап отыр істеді деп» дейді әкесі.

«Денис Теннің ата-анасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Арты қайырлы болсын! Бірақ бұл жерде менің Нұралым Денистің өліміне кінәлі емес. Ол ондайға баратын бала емес. Тыныш, жуас бала. Балам үшін сіздерден мен кешірім сұраймын» деп көз жасын көл қылды анасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар