Джорж Клор: АҚШ пен Қазақстан әскери ынтымақтастықты арттырады

/uploads/thumbnail/20170708171917908_small.jpg

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джорж Клор журналистерге берген сұхбатында "АҚШ пен Қазақстан арасындағы әскери ынтамтастыққа Вашингтон мен Мәскеу тартысы әсер ете алмайды",- деп мәлімдеді. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды. "Мен екі ел қарым-қатынасынан ешқандай проблема көріп отырған жоқпын. Біздің елдер арасындағы әскери байланыс күннен-күнге артып келеді. АҚШ және Қазақстан әскери күштері жыл сайын бірлескен оқу-жаттығу шараларын ұйымдастырып, тренингтер өткізеді. Қазақстанның офицерлері АҚШ-та тәжиірбие жинақтап жүр. Қазақстан тарапынан дүрлігуді көріп отырған жоқпын. Керісінше Қазақстанның қарулы күштері, армиясы, теңіз  және әуе әскерилерін шынықтыруда, модернизациялауда АҚШ пен бірлесіп жұмыс үстеуге ниетті екендіктерін білдірген. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы Вашингтон мен Мәскеу арасындағы талас-тартыстар Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскер ынтымақтастыққа ешқандай да әсер ете алмайды",-дейді Джорж Клор.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар