2018 жылы 3,5 млн тұрғынға электрондық цифрлық қолтаңба берілді

/uploads/thumbnail/20180801182101673_small.jpg

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 3,5 млн адамға электрондық қолтаңба берілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың бірінші тоқсанында аталған корпорацияның кеңселері арқылы 17,8 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 52,3 пайызы электрондық форматта жүзеге асқан.

«Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік корпорацияның 313 фронт-офистері арқылы 17,8 млн мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 52,3% - электрондық түрде. Сонымен бірге, 2017 жылғы әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша халықтың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі белгіленгені 85,2% бола тұра, 85,4% құрады», - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 17 042 293 қызмет көрсетілген. Оның ішінде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 6 079 590 қызмет ұсынылған. Мобильді ХҚКО-лар арқылы 191 470 қызмет көрсеткен. Ал, мамандандырылған ХҚКО-ның көмегімен 1 202 404 қызмет, оның ішінде көлікті тіркеу бойынша 928 237 қызмет ұсынылған. Сондай-ақ,  жүргізуші куәліктері 274 167 адамға берілсе, ХҚКО секторлары арқылы 572 860 қызмет көрсетілді. Бұған қоса, 3,5 млн тұрғынға электрондық цифрлық қолтаңба берілген.

Айта кетейік, 2018 жылдың 27 шілдесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының отырысы өткен болатын. Онда талқыланған мәселелер арасында мемлекеттік сатып алу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметі сияқты мемлекеттік корпорация жұмысының ағымдағы сұрақтарынан басқа, әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастрын жүргізу сияқты тақырыптар. Сонымен қатар, аймақтардағы мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіндегі ішкі қауіпсіздік бойынша қызметінің проблемалық мәселелері бөлек бөлімде қаралыпты.

Отырыста 2018 жылдың 1-ші жарты жылдығының жұмыс қорытындысы айтылып, 2018 жылдың 2-ші жарты жылдығына арналған мақсат-міндеттер қойылды. Аталған жиналысқа Мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аймақтық филиалдардың директорлары қатысқан.   

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Ол 2016 жылдың 7-ші сәуірінде құрылған болатын. Оның құрамына жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы, Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, сондай-ақ «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы кіреді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар