Сайрагүл Сауытбай туралы жаңа деректер шықты

/uploads/thumbnail/20180723174127018_small.jpg

Заңгер Абзал Құспан Facebook парақшасында Сайрагүл Сауытбай туралы тың деректер жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Абзал Құспан

«Сайрагүл туралы не білеміз? Ол – ана, ботақандары үшін 
Қазыбек Иса ағам айтпақшы, «Ұлы Қытай қорғанын бұзып, миллиардтардың бұғауын үзіп» жеткен Ана! Ал, одан басқа не білесіңдер? Мен айтайын Сіздерге. Сайрагүлдің негізгі мамандығы – дәрігер! Қытай тілін өте жетік білгендіктен мектепке, кейін балабақшаға басшылық еткен.

Одан басқа, ол Қытайда қазақ тілінде шығарылған үш бірдей кітаптың авторы! Еңбектердің атауы «Қазақтың ырым-тиымдары», «Балаға жарайсың дей біліңіз», сонымен қатар, өз мамандығына сәйкес, халықтық ем-домдармен байланыстыра отырып медициналық бағытта және бір еңбегі жарық көрген! Олардың бәрі Қытай тіліне де аударылған екен» деп жазды Абзал Құспан.

Абзал Құспан

Айта кетейік, Абзал Құспан «Шекарадан заңсыз өтті» деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісіне ақысыз заңгерлік көмек көрсетіп, істің басы қасында болған.

Сайрагүл Сауытбайға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392 - бабы шекараны заңсыз бұзып өту бойынша айып тағылған. Сотқа халықаралық басылымдардан да журналистер қатысқан.

Сот Сайрагүл Сауытбайды ҚР ҚК 392 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 6 ай бас бостандығынан айырып, 63 бабының негізінде оны бас бостандығын шектеуге ауыстырып, сот залынан босату туралы үкім шығарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар