Алдағы күндері күн суытады

/uploads/thumbnail/20180419085326566_small.jpg

Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауа келуіне байланысты 9 тамызда ыстықтың төмендеуі басталады, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Бүгін республиканың көптеген бөлігінде ыстық ауа-райы басым болады, кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. 

Ауа температурасының негізгі фоны 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін болады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар