АҚШ сенаторы Митч Макконнелл парламент Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізуді қарастыратынын айтты. Жаңа санкция қазан немесе қарашада қаралады деп жоспарланып отыр.
— Өз басым Ресейге қарсы санкцияның енгізілуін қолдаймын. Екі партия ақылдасып бір шешімге келеміз деп үміттенемін, - дейді Макконнелл.
Естеріңізге сала кетейік, 2 тамызда бір топ сенатор АҚШ Конгресінде Ресейге қарсы санкцияны қатайту туралы заң енгізді. Оған сәйкес, ресейлік саясаткерлер мен кәсіпкерлерге қарсы санкция енгізіледі. Ресейдің мемлекеттік компанияларын қолдайтын энергетика саласындағы келісім шарттарды шектейді.