Денис Теннің қазасынан соң 13 полицей қызметімен қош айтысты

/uploads/thumbnail/20170812114112098_small.jpg

Полиция жұмысындағы кемшілікті ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймұрзин бастаған қызметкерлер тобы анықтаған.

Денис Теннің қазасынан соң Алматы ішкі істер департаментінің 13 қызметкері жазаланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі baribar-ға сілтеме жасай отырып.

ҚР ІІМ мәліметінше, саланың шұғыл қызметті тексеру мен шұғыл алдын алу шаралары кешенін жүргізу үшін 19 шілдеде ІІМ Орталық аппаратының, соның ішінде өзіндік қауіпсіздік қызметінің ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймұрзин бастаған қызметкерлер тобы Алматыға келді.

Сонымен бірге Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Алматыда мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты істің жан-жақты, толық әрі объектив зерттелуін қадағалады.

“Тексеру мен практикалық көмек көрсету барысында ІІД-нен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда және аула ішіндегі аумақтарда қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кемшіліктер мен заңсыздықтар анықталды. Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша ІІД-нің 13 қызметкері, соның ішінде үш жетекші қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтің Алматы қоғамдық кеңесінің үндеуіне қайтарған жауабында.

Қаланың жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов пен Алмалы аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Құмабеков те осы себептен жұмыстан қуылған.

Бұған қоса, Алматы ІІД-де 27 шілдеде Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың төрағалығымен шұғыл кеңес өткен, онда тексерулер мен тергеуді ұйымдастыру нәтижелері қаралып, департамент қызметтерінің алдына ашылмаған мүлік ұрлығы қылмыстарын сапалы әрі толық тексеру, ұрланған заттар сатылатын орындарда іздеу шараларын жүргізу және бұрын сотталған адам ретінде есепте тұрған адамдарды тексеру жөнінде нақты мақсат-міндеттер қойылды.

 

Қатысты Мақалалар