Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) файтері Қуат "Найман" Хамитов Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарын көрсетпеген қазақстандық арналарды сынға алды. Қуат Хамитов инстаграм парақшасында отандық спортшылар ел намысын қорғау үшін барын салып жатқанда спортшыларымыздың өнерін тамашалай алмай отырғанына қынжылды.
«Индонезияда Азия ойындары өтіп жатыр. Өз жігіттеріміз бен қыздарымыздың өнерін көріп, оларға жанкүйер бола алмай отырмыз. Біздің спортшылар елдің намысын қорғау үшін тырысып бағуда. Ал біздің ел оны тікелей эфирде көрсете алмай отыр! Әлемдік деңгейдегі турнирлерді көрсете алмасақ «Qazsport» пен басқа арналардың қажеті қанша? Жоқ, олар ешкім көрмейтін 45-ші жылғы футболды көрсетеді. Өзбек ағайындардан үлгі алыңыздар. Азия ойындарын тікелей эфирде көрсету арқылы көптеген баланы спортқа қызықтыра алушы едік. Оның үстіне балалар қазір демалыста. Біздің елде барлығы керісінше жасалады!» деп жазды Қуат Хамит.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық арналар Азия трансляциялау құқығын ала алмаған.