Ресейлік журналист тікелей эфирде сұқбат алып жатып есінен танып қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Журналистің сұрағына Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров жауап берген. Аталған жайт «Россия-24» телеарнасының тікелей эфирінде болды. Журналист Дарья Козлованың сұрағына министр жауап бергеннен кейін оператор камераны қызға қарай бұрады. Осы кезде журналист есін жоғалтып, құлайын деп әрең тұрғанын байқауға болады. Журналист өз сөзін жалғастырғысы келгенмен сол сәтте есінен танып құлаған. Дарья Козловаға әріптестері мен министр көмек көрсетеді.
Кейінірек қыздың жағдайы жақсарғаны белгілі болды. Оқиға «Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумында жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар таныстырылып жатқан кезде болды.