«Гендерлік теңдік» қазақ әйелдерін азғындыққа ұшырату саясаты ма?

/uploads/thumbnail/20170708172206004_small.jpg

БҰҰ өкілі Илейн Конкиевич деген әйел біздің мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесіп,  «қазақтар әлемдегі 146 мемлекеттің ішінен гендерлік саясатты іске асыру жөнінен алғашқылар қатарында, қазір  32-ші орынға шықты» деп  мақтағанда, мен бейбақ қорыққаннан қол аяғым қалтырап кетті. Өйткені, «Гендерлік теңдік» қазақ әйелдерін азғындыққа ұшырату саясаты екенін жақыс білем. Әлқисса, ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың соңына дейін Франция мемлекеті Еуропа мемлекеттерінің ішінен салауатты, сауатты, білім, ғылым, қорғаныс, мәдениет, «толеранттық» жағынан жоғары тұрды. Бақталас елдердің көре алмаушылығын туғызып, қалайда француз ұлтын жойып,  экономикасын құлдырату үшін сан мыңдаған құйтырқы саясатты жүзеге асырды. Біріншісі, әрі негізгісі әйелдерді пайдаланып, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан отбасы институтын жойды. Отбасы – мемлекеттің тірегі, жүрегі еді. Отбасының ұйытқысы әрине әйел. Әйелді аздыру үшін ақшаны, құйтырқы саясаттан  да тартынбады. Олар Францияның технология, білім, ғылымын жеткен жетістіктерін оқып, үйреніп немесе жамандап әуре болған жоқ. «Әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды, көркем француз қыздары» деген аңыз шығарды. Содан әлемнің барлық еркектері ақшасы барлар, қатынқұмар алаяқтар, ұры- қары, залым, сұрқиялары ағылып, француз қыздарын қатын қылды. Француз басшыларын өтірік мақтады. Мәз болған басышылар; «Біз  әлемдегі ең толеранттық, тыныш, ынтымағы жарасқан, қарқындап дамыған ел» деп келімсектерге баспана, жұмыс берді. Келімсектер француз қыздарының бірін алып, бірін салып, анада бір бала, мынада екі бала қалып жатты. Тасталған, ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәрә балалардың еліне айналып шыға келді. Бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлттық құндылық күстәланып француздар баяғы атақ-абыройдан жұрдай болды. Әйел азған соң ел тозады. Қазір бірде -бір елдің  еркектері: «Француз қыздары әлемдегі ең сұлу қыздар» деп өлсе де айтпайды. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгел дерлік аралас неке, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды. Керісінше жек көріп бүлдіруге даяр тұрады. Бес жыл бұрын Франция қалаларындағы жастардың зобалаңы. Кешке көшеге жүз мыңдап шығып, дүкендерді, сауда үйлерін, кеңселерді тонап, мыңдаған көлікті сындырып, өртеп, қанша қаланың  күлін көкке ұшырды. Әлемді тамсандырған еркек атаулының сілекейін ағызған француз қыздары елге не әкелді? Франция деген аты бар заты жоқ мемлекеті мен ұлтын мәңгілікке жоғалту қасіретін әкелді. Еуропа мен Америка мемлекеттері де осы сайқал саясатқа ұшырағандар. Келімсектері көп тұратын ел, барлық ұлтқа ортақ болады да келімсек билікке келіп ұлттық мемлекеттің саясатын да, ұлттық реңін де өзгертіп жібереді. Мысалы, АҚШ-та кешегі сатып алынған құл негрлердің ұрпағы президент болып отыр. Болашақта Еуропалық елдер бірігіп Америка сияқты штаттарға бөлініп «Еуропа» деген тобырлар еліне айналады. Еуропада әр адам жеке тұлға ретінде, ішіп-жейді, киінеді, бала тумайды, ұрпақты ойламайды, өз қарақан басы үшін өмір сүреді. Түбі Еуропа мұсылман еліне айналып кетуі бек мүмкін. Өйткені, қазір жүз мыңдаған еуропалықтар мұсылмандарға қарсы елден кетіру үшін ереуілдерге шығып жатыр. Бірақ, бұл әрекеттен түк шықпайды, олар кешікті.Азиядан Тайланд да Францияның кебін киді. «Азияда тайлық қыздар керемет сұлу» деген аңыз тарады. Өткен мың жылдықтарда Азияны дүр сілкіндрген батыр да жаужүрек тайлықтардың ұрпағы  еркегі маскүнем, гомик, қыздары лесбианка, жезөкшелерге айналды. Америка, Еуропа еркегі тай қыздарын елдеріне апарып ойнас қатын етті. Оларды «сүйікті жарым» деп ертіп жүрмеді, үйінде малай ретінде ұстады. Той-томалаққа өз ұлтының қыздарын ертіп апарды.  Ал, енді мынаған келейік. Біздің Сәбина дейтін спортшы қызымызды қытайлықтар қолы-аяққа  тұрғызбай мақтау үстінде. Неге олай?! Қазақта Сәбинадан өткен керемет сұлулар да жетерлік. Бұл жерде Сәбинаның сұлулығы әңгіме емес қытай мемлекетінің қырық миллион еркектеріне қазақтан қатын тауып беру саясаты бүркемелініп жатыр.Сондықтан қыз – ұлтымыздың ары, абыройы, ұжданы ел болып қорғайық. Құрбандық болмаса  неге спорттық жетістіктерімен, еңбегімен, білімімен танылған. қыздарды мақтап шығармайды. Сәбинада мұның біреуі де жоқ қой. Шетелдіктердің; «қазақ қыздары сұлу, әдемі» деп өтірік мақтағанына биліктегілердің түсінігі жетпегеніне қапалымын. Сәбинаны Елбасының алдына дейін қай беттерімен желпілдетіп алып барды. Не үшін? Ақымақтық.  Қай ата-бабамыз өз қыздарын шетелдіктерге көрсетіп мақтанған еді. Мақтанса да алыңдар деп ұсынады ма, әлде олар тауар ма еді, мал ма еді. Әлде сыртқа көрсетіп, мақтанып сататын өндірген тауарымыз болмаған соң ару қыздарымызды  ұсынатын болдық па? Қазақстанның «бренді»  енді қазақ қыздары болғаны ма? Шетелдіктер солай ойлайды. Олар қазақ қызын не үшін мақтайды. Өз қыздары сонда жаман болғаны ма? Неге қазақ  қыздарын өз қыздарынан жоғары қояды. Бұл  шын жүректен шыққан шынайы, мейірімді бағалау емес – құйтырқы саясат.Шын ойларын жасырып «Қазақстанға жұмыс іздеп» келдім» деген басқа ұлттың еркектері; қытайлықтар жылмыйып, еуропалықтар паңданып, орыстар мүләйімсіп, өзбектер иіліп, қазақ қыз-келіншектерінің жатса жастығы, тоңса көрпесі болып, қыз ба, әйел ме қарамайды. Өздерін сондай «мейірімді, қайырымды етіп көрсетіп, «сіз» деп сызылып, мейрам сайын гүл беріп, сыйлық әперіп бәйек болып, кірін жуып, үсті- басын жалап отырады. Жүрегі жұмсақ әйел заты: «Қазақтың еркектерінен мынау артық қой, еркек болғасын бәрібір емес пе» деген топас түсінік бойын жайлап, күйеуі бары ажырасып, жігіті бары жігітін тастап, байы жоқтар құлай сүйіп естерінен танып қалады. Әрине, бәрі емес біразы.Ауылдағының аузы сасық демекші, қазақ жігіттеріне; «Бізді әлем бағалап отыр» деп төбеден оқырая қарап менсінбейтін күйге ұшырайды. «Мата бөз атымен өтеді» демекші шетелдік еркектерге жезөкше ме, азғындыққа ұшыраған әйел ме бәрібір. Масқараның басы емес пе? Алла Пугачеваның немересіне шығады деген қазақтың қызы не болды? Ұлтарақ секілді табанына басып жүрді де жылуы кеткесін лақтырып тастады. Өкініштісі, БАҚ осы азғындықты мақтап жазып, жарнамалағанда қазақтың қанша қызының сондай атақтының баласына тиюді армандады екен?Хабардағы тақырбас журналист пен ана француз ше? Екеуі де ешкімнен ұялмай қазаққа танымал екі қатынды уақытысында пайдаланып тастады да кетті. Некелескені некелесіп, некелеспегені ойнас жасайды. Қазақ халқының сорына қазақ қыздары жаппай шаталар туып, қазақ ұлтының болашағына балта шабады. Шаталар – қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы Еуропаны алақанында ұстаған айбынды ержүректігін, мәдениеттілігін, өркениеттілігін ата -баба дәстүрін мақтаныш тұтпайды. Жөні түзу ата-анасы жоқ. Ұлттық тәрбие көрмеген, жеті атасы жоқ, ағайын-туыс, құда-жекжат, нағашы-жиен, дегеннен мүлдем хабарсыз мәңгүрт, жат ұрпақ қаптап өседі. «Біз қазақ емеспіз, қазақстандықпыз» дейтін нағыз солар болады. Франция, Тайланд түскен құрдымға қазақтарды да түсіру айласын қазір әлем бойынша қолға алып отыр. Бір дәлелі, АҚШ-тың Ұлттық география қоғамы әлем халқының: анатомиясын, бет-әлбетін, тұлға-тұрпатын, сыр-сымбатын ұзақ жыл зерттеп ең сұлу халықты анықтады. Зерттеу 200 елдің тұрғындарын  қамтыды Сорымызға адамзат баласының ең сұлуы – қазақ қыздары екен-мыс…  деген хабар оқыдым. Қазақстан қоғамы, билік, зиялы, журналист пен саясаткерлер арасында бұл «сұмдыққа» өреміз жетпей қалды. Билік басындағы, парламенттегі, байшыкеш қазақтың әйелдері; қыздарының пәктігін, ұрпақтың саулығын сақтаудың орнына шетелдіктерге «ұсынып» шауып жүр.Қазақстанда 2006 жылы гендерлік саясат жөнінде алғашқы заң қабылданып. Орындалуы қатты қадағаланды. Неге, соншалықты бұл бір елдің экономикасын көтеретін заң ба еді. Әлде қазақтар еуропалықтар сияқты әйелдерін қорлап алаңдарға шығарып жүздеп, мыңдап өртеген бе еді? Жоқ, әрине. Шетелдіктердің сұрқия саяси айласымен болашақ ұрпағының не болса ол болсын: «мен билікте жүрсем болды» деген әйелдердің ықпалын арттру тәсілі бұл. Енді он жылда әйелдер үстемдікке келіп гомиктер мен лесбианкілерге үйленуге рұқсат беретін заң қабылдайды. Әйелдердің қолымен қазақ халқын осылай жояды. Сосын өлдің қазақ.Жапондарды өзімізге үлгі тұтуымыз керек. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Жапония білім, ғылым, мәдениеттен әлем алдында озық елге айналды. Ұлттық генін сақтап, «жабық есік» саясатын ұстанды. Елге ешкімді, ешқандай еркектерді кіргізбеді. Арысы турист болып келген шетелдіктерді бақылап отырып қайтадан шығарып жібереді. Шетелдіктер: «әлемдегі ең мәдениетті, ең сұлу қыз жапон қыздары» деп әлемге жар салды. Бірақ, ақылды жапондар ондай ақымақ мақтауға алданбады. Салт-дәстүрі, қан тазалығы мен ұлттық генін сақтау арқылы ең үздік елге айналып отыр. Шетелдік  келімсектерге «арзанқол жұмысшы» деп қараған біздер олардың ұзақтан кейін жарылатын бомба, қазақ ұлтының ажалы екендігіне ақылымыз бен  сауатымыз жетпей отыр.

"Алишер" есімді қолданушының "Қамшы" порталына жазған пікірі

Қатысты Мақалалар