Қазақстан Қытайдан 23 миллиард доллар сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170708172259104_small.jpg
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Бейжіңдегі кездесу барысында ҚХР төрағасынан 23 миллиард доллар келісімге қол қойды. Наурыздың 27-сі күні Қытай төрағасы Си Цзинпин мырза Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовты қабылдаған болатын. Аталмыш кездесулер барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың бүгіні мен келешегі туралы сөз етілді. "Біздің мемлекеттер арасындағы байланыстар қарқынды дамып келеді. Бүгін қол қойылған жаңа келісім біздің ел үшін "жақсы старт" болып табылады. Қазақстан әрқашанда Қытаймен ынтымақтастықты арттыруға дайын",-деді Кәрім Мәсімов Бейжіңдегі кездесуде. Қытай мен Қазақстан темір өнеркәсібі, мұнай өңдеу, гироэнергетика және автомобиль өндірісі салалары бойынша 23 миллиард доллардың келісімшартына қол қойған. "Ал, Қазақстан өз кезегінде Қытайға шикізат, тауар, табиғи газ, уран рудаларын және мұнай өнімдерін экспорттап отыр",-деді Премьер-министр.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар