Жақында "Азия" тобы мен Қайрат Нұртастың орындауындағы "Шағала қыз" әнінің ұрланғаны туралы ақпарат шыққан болатын.
Тыңдаушылар бұл туындының көшірме екендігін айтқан-ды. Түп тамыры Арменияда жатқан аталған ән жайлы сұрақтарымызға "Азиялық" Ербол Шәріпов былай жауап берді деп жазады Baistars.kz сайты. "Біріншіден бұл плагиат емес, ұрлық емес. Ұрлап алатындай біз әннің қайырмасын бөлек, шумағын бөлек құрастырып алған жоқпыз. Екіншіден, біз бар әнге тек мәтін жазып қазақ халқына ұсындық. Бұл әнді қазақ әншілерінен нақты кім айтатынын білмейміз.Кім халықтың жүрегіне жеткізе білсе, ән сол орындаушының қоржынында қала береді", - деді "Азия" тобының мүшесі.