Қазақстандық ақын Украин қызына "жауап берді"(Өлеңнің толық аудармасы)

/uploads/thumbnail/20170708172303429_small.jpg

Украинаның шығысындағы жанжалдарға қатысты Украин ақын қызы өзінің өлеңін интернетке жариялаған болатын. Бұл интернет тұтынушылар арасында кең танымалдылыққа ие болып, қоғамда қызу пікір-талас туғызған еді. Енді аталмыш бейне-роликке қатысты ұлты орыс, қазақстандық ақын жігіт жауап қайтарыпты.

https://youtu.be/g2P2duQC9C0 https://youtu.be/BJFEUQzbFDI

Орыс тіліндегі өлеңнің мәтінін қазақшаға сөзбе-сөз аударып, назарлдарыңызға ұсынып отырмыз.

Айтшы қарындасым.

Біз қаншама жыл бір тудың астында болдық?

Қанша жыл бойы мен сені бауырым деп келдім?

Біздің аталарымыз да майданда иық тіресіп,

ортақ  фашисттерге қарсы соғысты емес пе?!

Олар ешқашан Батысқа бас имеді.

Қолытғына еніп, пана сұрамады.

Өйткені Батыс бізге қалай өмір сүру керектігін үйреткен жоқ.

Бұрынғыдай болса ғой, мен саған қонаққа келер едім.

Сосын екеуміз таңға дейін шарап (арақ) ішуші едік.

Бірақ, сен мені қаңғыбас, алқаш деп айттың.

Окуппант дедің, ақымақ және жауым дедің.

Сен кәрі Еуропаға тамыр жібергің келді.

Ал мен үшін ТМД бұл жұмақ.

Өмір қиын, білем.

Сен дұрыс таңдау жаса, қателеспе!

Сен кеше демократия жауыздықты жеңеді деп,

артынан шіріген байды таққа отырғыздың.

Билікті жемқор деп даттап,

халықтың ақшасын қалтаға басатындарды сөктің.

Иә, ондайлар бізде де көп, оны мойындаймын.

Бірақ, арасында жақсылары да бар емес пе?

Егер басшы әділ, идеологияға берік болса,

халыққа туған отбасы секілді қарайтын еді.

Сен соны сынадың.

Сен, бірінші өзің дұрыс жұмыс істе.

Содан кейін, басқаға сын айт.

Жұрттың бәрі қымбат көлік пен зәулім үйлерде тұрғысы келеді.

Сен бірінші жәй пәтер салып ал, кәсібіңді баста.

Сонда сен де бай боласың.

Ал, сен болсаң ауызбен отырып ап, орақ орасың кеп.

Төсекте  бәрі батыр.

Мен жүзімді жасырып отырған жоқпын.

Қоырпаймын, өйткені.

Егер сен де билікке бара қалсаң солардың кебін киіп,

аямай жейтін едің ғой.

Бәрі сен үшін кінәлі екен.

Вова ағай да, Қадыров және Донбасс.

Ол  жерде кавказ жігіттері  Донецк тұрғындарына,

яғни,  сендерге толассыз оқ жаудыруда дейсің.

Айтшы, сен де қолыңа "балалайка"  ұстап келген жоқсың ғой.

Саған  қорқынышты ма? Өтірік айтпа.

Ондағылардың бәріне де қорқынышты.

Ол жерде орыстар емес,  америкостар ылаң салуда.

Бауырым жөніңе кет.

Еуропа сені құшақ ашып күтіп отырған шығар.

Тек, есіңде сақта, НАТО сендерге опа әпермейді.

Ресейден газ да, мұнай да келмейді енді.

Логикаға салып қарашы. Еуропадан не пайда саған?

Онда сендерді ешкім күтіп отырған жоқ.

Украин, қазақ және шешен,

сондай-ақ, орыс, қырғыз және арменин,

 молдован тәжік және неміс.

Бізде,  Қазақстанда бәрі тату.

Мұнда тіпті,  түрік пен күрд те тату.

Бізде ұлттар көп мұнда.

Біз тығырықтан бірге шығамыз.

Бірақ, сендер секілді Еуропаға жалынбаймыз.

Ресейде де осындай.

Сендейлер, мендейлер көп онда да.

Совет одағы кезінде біз бауыр едік.

Енді сен маған жаусың.

Нені көкіп, не опа таппақсың.

Бәрі сандырақ, сандырақ.

Енді бір-бірімізге қарсы қару аламыз ба?

Мен шынымен түсінбеймін.

Енді кімдермен соғыспақпыз?

Мен украинге қарсы оқ атқым келмейді.

Мағанда ол оқ атпаса екен деп тілеймін.

Бізге ортақ армия құру керек.

Ол қорқынышты соғыстарда қорғану үшін керек бізге.

Ал сен интернеттің бетінде  "біз бауыр емеспіз" дедің.

Сен алдымен өсіп ал қарындасым.

Сен мен үшін әлі қарындассың.

Әлі талай былықтар болады.

Қиыншылықтар күтіп тұр алда,

бірақ, соған төзе білу керек.

Себебі,Біз бір жанұя болған соң.

Аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар