"Кесаревоның" кесірі: Қазақты өсірмей отырған кімдер?

/uploads/thumbnail/20170708172306161_small.jpg

Осыншама байтақ даламызды көз алартқан әлдекімдерден қорғау үшін шынын айту керек,қазіргі жан санымыз жеткіліксіз. Әлемдегі осы күнгі жағдайларға көз жүгіртсек,дүниені алпауыттар қайта бөліске салып жатқандай әсер қалдырады. Осыған біз де дайын болуымыз керек. Ол үшін ең бірінші қазақтың жан санын қарыштап арттыру мәселесін қолға алып,ұлтымыздың өсім көрсеткішінің төмен болу себебін анықтау кезек күттірмес мәселе.

dariger

Ал қазіргі қазақ аналарының 2-3 баладан артық тумауының себебі, айтылып жүргендей әлеуметтік жағдайлардан тыс,кесір тілігінің кесірі ма деген ойға келдім. Мұндай ойға келуіме туысқан інімнің келіншегі (келінім)кесір тілігімен босануы еді. Інішегімнің айтуынша,алпамсадай әйелінің өзі босануға денсаулығы да,күші де,жігері де жетеді екен. Алайда босануға бір апта қалғанда дәрігерлердің кеңесімен туытханаға жатқан. Мәселе осыдан басталыпты.

Әйелін тексерген дәрігерлер біресе «Бала өте үлкен,4.5 кг-нан асады» біресе «Бала теріс екен,өзің босана алмайсың»деп оның миын жей берген. Бұдан қорқып қалған келіншек амал жоқ кесір тілігін жасатуға бел буыпты. Күйеуінің шырылдап: «Алматыдағы үлкен балницаға апарам»деген сөзіне дәрігерлер: «Ол жаққа апарсаң қабылдамайды,қайта келсең біз қабылдамаймыз»деп безірейіп тұрыпты. Ақыры амалсыз кесір тілігімен босанған келінімнің баласы 3кг-нан әрең асыпты. Бала теріс келген дегендері де өтірік екен. Ондағы жауапты дәрігердің бар ойы:Кесір тілігін жасағаны үшін үкіметтен алатын сыйақысы екен. Сөйтіп «Кемінде 5көкжалым болады» деп жүрген інішегімнің салы суға кетті. Айтпақшы келінімнің «Туытханада жатқан он әйелдің 7-8-і кесір тілігімен босанады»деген сөзі зәремді ұшырды.

Осындай көп балалы болғысы кеп жүрген қаншама жас отбасылар кесір тілігінің кесірінен асыл армандары тұсалып жүр екен. Он әйелдің 7-8-і деген еліміздегі 70-80 пайыз әйелдер осындай кесапатқа ұшырайды деген сөз. Бұл сұмдық жағдай. Қазақты өсірмеу үшін жасалып жатқан жымысқы амалдар болуы бек мүмкін.

Омар Құрмаш

Қатысты Мақалалар