ОСК: 48 халықаралық бақылаушы акредитациядан өтті

/uploads/thumbnail/20170708172318472_small.jpg

26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына шет елдерден және халықаралық ұйымдардан бақылаушы болып қатысатын тәуелсіз-халықаралық 48 сарапшыға акредитация берілді. Бұл туралы "Қамшы" порталы ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. ҚР ОСК мен СІМ бірлесіп, 28 наурыз күні 48 шет елдік және халықаралық ұйымдардан келетін бақылаушыларға акредитациядан өткендігін растайтын куәлік беру туралы қаулыны қабылдаған. СІМ ақпаратында көрсетілгендей, акредтелген халықаралық бақылаушылар 9 мемлекеттен және 1 халықаралық ұйымның атынан келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Норвегия корольдігінен - 4 адам, Австрия Республикасынан - 3 адам, Сербия Республикасынан - 3 адам, Болгариядан - 2 адам, Литвадан - 2 адам және Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Венгрия, Латвия, Словакиядан бір-бір өкілетті тұлғалар және ЕҚЫҰ-ға мүше 18 мемлекеттен 30 бақылаушы келіп қатысатыны белгілі болды. Барлық акредтелген бақылаушыларға куәліктер табысталады. Осыған дейін, ОСК баспасөз қызметі ЕҚЫҰ және ТМД ұйымдарынан 83 халықаралық тәуелсіз-бақылаушылар қатысатынын, ал 19 мемлекеттен 98 БАҚ өкілдері акредетациялаудан өткендігін мәлімдеген болатын. Еске сала кетйік, 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қатысушы кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кеткен. ҚР Президент сайлауына 3 үміткер тіркелілген. Олар: қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Коммунистік партия атынан түскен Тұрған Сыздықов пенӘбілғазы Құсайынов. Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар