Алматыда демалыс күндері жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмып, тағы біреуі ауыр халде емханаға жеткізілді.
Апат Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесінің қиылысында орын алды. “Хюндай” көлігі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, көлік екі жаяу жүргіншіні қағып, солтүстік бағытта келе жатқан “Фольксвагенге” ұрылған. Нәтижесінде, жаяу жүргіншінің бірі қайтыс болды. Екіншісін жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде емханаға жеткізді.
Куәгерлердің біразы жаяу жүргіншілер жасыл бағдаршамда жолды кесті десе, келесілері керісінше қызылға өтті деп айтып отыр.
Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.