Ди Каприо ең қымбат актер атанды

/uploads/thumbnail/20170708173859888_small.jpg

Ең қымбат Голливуд киноактерлерінің рейтингінде “Уолл-Стрит қасқыры” фильміндегі рөлі үшін 25 миллион доллар алған Леонардо Ди Каприо көш бастады.

Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы хабарлады, деп ақпарат таратты lenta.ru. Роберт Дауни-кіші, Сандра Баллок, Анджелина Джоли, Дензел Вашингтон мен Мэтт Дэймон рөлдері үшін 20 миллион долларға дейін алды. Одан кейінгі орында “Геркулес” фильміндегі рөлі үшін 15 миллион доллар табыс тапқан Дуэйн Джонсон бар. Түсірілімдер үшін 10-15 миллион доллар алған актерлер қатарына Марк Уолберг пен Дженнифер Лоуренс кірді. Ал тізім соңында 8,4 миллион доллар көрсеткішімен Сет Роген орналасты.

Қатысты Мақалалар