Тасуку Хондзё (Жапония) мен Джеймс Эллисонға (АҚШ) Нобель сыйлығы беріледі. Бұл туралы бүгін Нобельдің Стокгольмдегі Каролина институтының жанындағы медицина комитеті хабарлады.
«Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзё 2018 жылы физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алады. Олар ракты емдеуде ашқан жаңалығы үшін марапатталды», - дейді комитет төрағасы лауреаттарды хабарлаған кезде.
Тасуку Хондзё 1942 жылы Киотада дүниеге келген. 1966 жылы медицина факультеті бойынша білім алды.
Джеймс Эллисон 1948 жылы АҚШ-та дүниеге келді. Қазір Техас университетінің профессоры және Хьюстондағы М.Д. Андерсон атындағы Онкологиялық орталықтағы кафедра меңгерушісі.
BREAKING NEWS
— The Nobel Prize (@NobelPrize) 1 октября 2018 г.
The 2018 #NobelPrize in Physiology or Medicine has been awarded jointly to James P. Allison and Tasuku Honjo “for their discovery of cancer therapy by inhibition of negative immune regulation.” pic.twitter.com/gk69W1ZLNI
Пікір қалдыру