Финляндияда іссапармен жүрген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы әлі күнге дейін Nokia ұстайтынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
♦Финляндия 100 жылда жердегі жұмаққа қалайша айналды?
Хельсинкиде жүрген Назарбаев Nokia компаниясының жетекшісімен кездескенде "Nokia – әлемге белгілі компания. Қиын күндерді де артқа қалдырды. Өз басым iPhone-ды мойындамаймын. Nokia телефонымды ұмытып кетіппін, әйтпесе көрсетер едім",- деді. "Сіздерде ескі телефондар бар ма?" деп қызығушылық танытқан Назарбаевқа финдік компанияның өкілі "Жыл сайын ностальгиялық телефондарды шығарамыз. Оларды банан телефон дейміз. Және Nokia 3310 да ностальгиялық телефондар қатарынан",-деп жауап қатты.
♦Түсте бір мызғып алған финнің қалтасы қалыңдай түседі
♦Финляндиялық қорап қазақтың әйелдеріне керек-ақ
"3310 деген телефон бізде бар ма?" деп елең қаққан Назарбаевқа компания өкілдері сол телефонды тез арада тауып беретіндіктерін жеткізді.
Пікір қалдыру