Алматы қаласындағы демографиялық ахуал жақсарып келеді. Оған қаладағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы себеп. Алматы қаласындағы сауда, өндіріс саласы 2017 жылмен салыстырғанда қанша пайызға артып, ол қала демографиясына қалай әсер еткенін талдап көрелік.
Жалпы ішкі өнім
ЖІӨ – қаланың экономикалық дамуын дәл сипаттайтын көрсеткіш. Алматы қаласының ЖІӨ бірінші жарты жылдықта 4 800 миллиард теңге болды. Ал физикалық көлем индексі - 102,8%. Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі Алматының үлесі - 19,3%. Бұл – Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы ішкі өнім құрылымында бөлшек және көтерме сауданың үлесі – 30,3%. Ал ең төменгі көрсеткіш – ауылшаруашылық, орман шаруашылығы және балық шаруашылығында. Оның пайыздық көсеткіші – 0,1%.
Алматы қаласындағы жалпы ішкі өнімі - 2 644,0 мың теңге. Бұл – республика бойынша орташа көрсеткіштен екі есе көп (1 364,7 мың теңге).
Тіркеу статистикасы
Алматы - кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық тұрғыда қолайлы қала. Әсіресе жеке кәсіпкерлік пен орта бизнесті дамытуға ыңғайлы. Кәсіпкерлік - экономиканы гүлдендірудің негізі. Қазақстан бойынша тіркелген заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер саны Алматы қаласында көп екенін ескеру керек. 2018 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес, Алматы қаласында 122 919 заңды тұлға, 159 486 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл – Қазақстан бойынша заңды тұлғаның 13%, ал жеке кәсіпкерлердің - 28,3%-ы.
Инвестиция статистикасы
Алматы – республикадағы ірі қаржы, іскерлік және мәдени орталық. Бұл фактор инвесторларды қызықтырмай қоймайды.
2018 жылы 9 айда инвесторлар тарапынан негізгі капиталға құйылған сома – 489 миллиард теңге. Физикалық көлем индексі - 118,5% (сыртқы - 76,6 миллиард теңге, ішкі - 412,3 миллиард теңге, физикалық көлем индексі -117,9%).
Қазақстан бойынша инвестицияның 6,5% - Алматы қаласының үлесі. Жеке инвестиция барлық инвестицияның негізгі бөлігін алады - 81%, яғни 396 миллиард теңге (инвесторлардың жеке қаржысынан - 119,6% және басқа қаржы құю көздерінен - 181,8%).
Негізгі капиталға құйылған инвестицияның өсуі мына салаларға тиесілі: жылжымайтын мүлік - 133,1% (31,7%); транспорт - 186,6% (17,2%), өнеркәсіп (5,8%).
Құрылыс статистикасы
Алматы қаласындағы халық саны көбейіп келеді. Жаңа тұрғын үйлер, жолдар салынып жатыр.
2018 жылы 9 айда құрылыс жұмыстарына - 220,3 миллиард теңге бөлінген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға көп.
Құрылыс жұмыстары
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы - 1327,3 шарты метр.
Өнеркәсіп статистикасы
Қазақстанда өнеркәсіптің маңызы зор. Әсіресе өндіріске көп мән беріледі. 9 айда өнеркәсіпке 639,2 миллиард теңге құйылған. Физикалық көлем индексі 2017 жылы 103,8% болған.
Өнеркәсіптің үлесі - 74,1% (электр тоғы, газ, кондициялау - 23,4%. Су, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау - 2,5%).
Өндіріс саласындағы қағаз бен қағаз өнімдерінің өндірісі (Физикалық көлем индексі - 104,2%. Ол азық-түлік өнімдерінің 4,2% - (23,4%), қағаз бен қағаз өнімдерінің 11% - ( 1,9%), пластмасса - 17,9% - (3,4%), металлургия- 14,9% - (10,3%) және машина жасау өндірісінің 10,3% - (11,9%) арқасында өсіп отыр.
Сауда статистикасы
Алматы экономикасының көркеюіне ықпал етіп отырған – сауда саласы. 2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы бөлшек сауда - 2 125,1 миллиард теңге. Алма қаласының тауар айналымы - республиканың барлық тауар айналымының 12,9%-ы.
Тұрмыстық техника, көлік, киім-кешек, фармацевтикалық өнім саудасының есебінен тауар айналымының жұмысы жақсарған.
Көтерме сауда айналымы - 7 499,3 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5% көп, яғни республиканың жалпы көтерме тауар айналымының 48,9% -ы.
Өндірістегі өсім – көлік, тұрмыстық техника мен алкогольсіз сусындардың есебінен артып отыр.
Көлік статистикасы
2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек аралығындағы жүк айналымы - 18 573 миллион теңге (коммерциялық тасымалмен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымын қоса есептегенде). Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 10,9% көп. Жолаушыларды тасымалдау - 29 464 миллиард теңге. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8,9% көп.
2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады.
Қазақстанда 2019 жылы ұлттық санақ жүргізіледі. Санақ – интернет жүйесінде онлайн режімде және арнайы құралдармен (планшеттер) толтыру арқылы жүргізіледі. Барлық жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға бір адам барлық отбасы мүшелері үшін жауап бере алады.
♦ҚР Статистика комитеті: 2019 жылғы халық санағы онлайн режімде өтеді
Интернетте сауалнама 15 күнге созылады. Интернет сауалнама «SANAQ» сайтында жүргізіледі.
Интернет сауалнама 1 қараша мен 30 қараша аралығында, онлайн және офлайнда өтеді. Ол 2 кезеңнен тұрады. Ал шалғай аудандардағы санақ, санақ басталуға бір ай қалғанда планшеттің көмегімен жүргізіледі.
Халық санағы 31 қазанда, сағат 00.00-де басталады да, 2019 жылдың 1 қарашасында аяқталады.