Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық.
Су – бізді қоршаған ғалам мен табиғат атауларының ішіндегі ең қарапайымы да, ең күрделісі де осы. Ең қызығы осы «С» мен «У» деген екі дыбыстан тұратын сөздің де сөз түбірі (өз түбі) бар. Ол «У». Сыры мен тілін білсең «ем», білмесең «У».
Су біздің өмірімізді қамтамасыз етіп отырған қоршаған ортамыздың ішіндегі Ауадан кейінгі екіншісі. Ғалымдардың дәлелдеуінше өсімдіктерде 90%, адамдарда 60-65% ға дейінгі мөлшерде су болады екен. Ауа мен сусыз адамға да, өзгеге де өмір жоқ.
Судың адам өміріндегі ең қарапайым әсеріне (бұл толық емес) тоқталатын болсақ:
- Адам денесінің температурасын реттейді.
- Дем алғаныңда ауаны ылғалдайды.
- Адам денесінің барлық клеткаларына керекті заттар мен оттегіні (кислородты) жеткізеді.
- Адам өміріне ең қажетті органдарды қорғайды.
- Ішкен асыңды энергияға айналдырады.
- Адам нәр алатын тағамдардың организмге сіңісуін қамтамасыз етеді.
- Ішкен-жеген тамағыңнан қалған қалдықтарды денеңнен шығарады.
Адамды қоршаған орта: ауа, су, от және жер. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Бірақ, адам болу үшін бұл жеткіліксіз. Адам болу үшін олардан да басқа «жан» мен «сана» керек. Алайда, Жан қимылдаған тіршілік иелерінің бәрінде де бар. Олардың да жүрегі тоқтаған сәтте жаны соңғы демімен бірге шығады. Міне өзге тіршілік иелері мен Адамның айырмасы. Демек, Алланың өзімен және оның дәл өзіне сәйкес етіп жаратқан Адамнан өзгелерінде сана жоқ. Демек, ұлы Жаратушы ондай сананы, яғни өз санасының бір ұшқынын (бөлшегін) тек Адамдарға ғана берген. Міне біздің ұлы жаратушыға және оның бар екендігінің ақиқаттығына деген сеніміміздің ең негізгі бастау алатын жері.
Алғашқы Адамды Алла топырақтан (жерден) жаратты, кейін оның қабырғасынан әйелді жаратты, ары қарай осы екеуінің махаббатынан бөлінетін «бір тамшы» судан бүкіл тіршілік иелері (соның ішінде адам баласы да) жаралып келеді. Демек, біздің бастауымыз Су. Мұның бүкіл жер шарында ең алғаш болып сырын ашқандар Маңғыстаулықтар, яғни МАД (Ман Адай) патшалығы. Бұл киелі ұғым Маңғыстауда Сұлтан епе (үпі) деген қорым, жер асты мешіт және Сұлтан үпі су бұлағы атауымен сақталған.
«Аллаһ барлық жаны барды (тіршілік иесін) судан жаратты» (Ән-Нұр сүресі. 45 аят).
Міне біз осылайша, ұлы аталарымыздың бізге қалдырып кеткен өсиеті мен шежіре-тарихының сырын түсіндік. Енді мына мәселеге көңіл аударайық. Біз (Адам атадан кейінгі ұрпақтар) «бір тамшы» судан жасалдық. Жердегі бүкіл тіршілік иелері мен көктердің (ағаштар мен өсімдіктер) барлығының тіршілігінің басы судан басталды. Қазақ халқы мұны ежелден білген. Бізге ата-анамыз бала кезімізде судың киесі бар, суды лайлама, суға кез-келген затты тастама, көл мен ағын суға кір жума, суға дәрет етпеңдер, суға (құдыққа) түкірмеңдер дегенді үнемі ескертіп отыратын. Бала кезімізде ата-аналарымыздың айтқандарын жасасақ та, мағынасын анау айтқандай түсінбегенімізде рас. Міне Шыңғыс қағанның өзенге, яғни ағын суға тікелей кір жууға тыйым салу себебі. Қайран аталарым ай? Сізді сол ағын суды ластама дегеніңіз үшін жабайыға балап, келемеж, күлкі қылып жүрген жоқпыз ба?
Басын ашып кетейін. Олар ешкімге жуынуға тыйым салған жоқ. Тек қана жуыну мен кір жууды көлден, немесе өзеннен шелекпен алып, алысырақ жерге апарып жууды ғана бұйырды. Себебі, басқа жерде жуылған кірдің суы буға айналып, одан қайта суға айналып, сүзіктен (филтрациядан) өтеді. Ал, тікелей ағын суға қосылған лас су, сол күйінде қалады, ол сол кірдің төменгі ағысында отырған елдер үшін аса қауіпті жұқпалы аурулардың тууына себепші болатын еді.
Мына Батыс пен Шығыс, әсіресе Орыстар сол аталарымызды жабайы деп, жуынбаған деп, келемеж етті. Бұл жағдай Қытайдың «Шыңғыс хан» атты 30 сериялы фильмінде де көрініс тапқан. Ал, өздері кірлерін ағын сулар мен көлдерге, беті мен басын, денесінің ортасы мен аяғын, тіпті бәрі-бәрін бір бөшкеге, немесе үлкен шылапшынға қосып бірге жуды. Олар өздері, осыны тазаландық, жуындық деп түсінді. Олардың көбінің түсінігінде әлі де солай. Арам менен Адалды, яғни аурудың қайдан келетінін ажыратуға шамалары (білімдері) жетпей келеді. Ал біздің аталарымыз құманмен, денесінің негізгі мүшелерін үш реттен сумен шайып, бірінің суын біріне араластырмай бөлек-бөлек жуды.
Осындай көр соқыр, надандықтың кесірінен жоғарыда көрсеткенімдей Қазақтың хандары мен қағандары өзен мен көлдерге киім жууға да тыйым салып жүргенде, Орыс патшасы (1552 жылдың 11 қазанында) Қазан(Қазақ хандығы) қаласын аларда қала халқын түгелдей қырғынға ұшыратып, бәрінің денелерін (татар тарихшылары жарты миллион деп жазып жүр) Еділге ағызды. Сол суды Еділдің төменгі ағысында отырған елдердің түгелдей ішіп, әртүрлі кесапат ауруларға (індетке) ұшырағаны жайлы кезінде аз жазылмаған.
Бүкіл жер бетінің басым көпшілігін су (бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхиттар) басып жатыр, одан да басқа тіршілік иелері (адам, аң, жан-жануар, ағаш, өсімдік т.т.) денелері де судан тұрады. Бірақ соңғылары жер бетінің уақытша қонағы. Олардың бәрі де келеді, кетеді. Кеткенде, денелеріндегі суы күн жылы болса буға, керісінше болса мұзға айналады. Бірақ артынан оларда буға айналады. Олар осылайша жер бетінде мәңгі айналып жүре береді. Біздің тәніміз де, жанымызда осынау мәңгілік процесстің ажарамас бір бөлшегі.
Сөзімнің соңында айтарым, ішетін су таза болуы керек. Аталарымыз көбіне таудан аққан таза бұлақтың немесе жер асты суын (құдықтың) және табиғи тағамдарды пайдаланған. Сондықтан, күні кешеге дейін олардың дене бітімі қазіргі ге қарағанда анағұрлым зор, бойлары биік, ал орташа ғұмыр жасы 90-100 болған. Қазіргі қаланың жағдайында құбыр суын сүзбе арқылы тазалап және қайнатып ішкен дұрыс. Көптеген деректерде адам өмірінің ұзақтығы негізінен ішетін судың тазалығына байланысты делінеді. Құдықтың суын пайдаланатындарға су ішіне күйдірілген қызыл кірпіш, ал үйдегі графинге күміс салып қойғанымыз дұрыс. Жақында газеттерде 123 жастағы Боливиялық Кармело Флорес Лаураның сұхбаты жарияланды. Онда, оның тау ішінде тұратыны, бұлақтың таза суын пайдаланатыны, өмірінде секер мен макарон жемегені және көп жүретіні айтылған. Ешқашан дәрі ішпеген. Біздің де Аталарымыз бен Аналарымыз ешқашан дәрі ішпеген.
Тарих тағлымы: Суын лайлаған елдің келешегі болмайды. Барлық Адам баласының денсаулығы мен олардың өмір жастарының ұзақтығы ішетін судың тазалығына байланысты. Әйтпесе, ұлы аталарымыз суды ластауға тыйым салмаған болар еді. Елбасымыздың «Мәңгілік елін» мәңгілік ету үшін «Ақ бұлақ» жобасын толықтай іске асыруымыз шарт.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау