Сіз Оралхан Бөкейдің қай туындысын оқығансыз?

/uploads/thumbnail/20181031141640156_small.png

Жетінші сыныпта ғой деймін, қолыма Оралхан Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» деген әңгімелер жинағы түсті. Кітапты оқып шықтым. Жай ғана оқымадым, ессіз ғашық болып оқыдым. Кітаптағы «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Мынау аппақ дүние» мен үшін әлемдегі теңдессіз туындыларға айналды. Сонау өр Алтайдың, асқақ Алтайдың баурайындағы шағын ауыл мені өзіне қарай тартты да тұрды. Ешқашан көрмеген, білмеген Оралханның өр Алтайына ғашықтығым солай басталған. Ол ынтызар мекенді әйтеуір бір көретініме сенуші едім ☺
Расымен, биыл жаздың соңында Шыңғыстайға жол түсті. Оралхан суреттеген аядай ғана ауылды көрдім, оның "Ауыл хикаяларындағы" кейіпкерлерін көрдім. 
Ал "Қар қызындағы" басты кейіпкер естеріңізде ме? Шөп әкелуге кетіп, боранда адасатын тракторист жігіт ше? Міне, дәл сол кейіпкердің үйінде қонақ болдық. Өзі Оралхан атамыздың сыныптасы екен. Небір қызық естеліктер айтты. Оралханның кейіпкерлерін өзімнің ескі таныстарымдай түгендей бастадым. "Тортай мінер ақбоз аттағы" Тортай қайда?" деймін ғой, Нұрлан ата: "Өмірден өтті ғой" деп оның аянышты тағдырын баяндайды. Анау ше? Мынау ше? Көпшілігі ауыл іргесіндегі қабірлер мекеніне қоныс аударыпты. "Апамның астауын" оқып, "жылағанымды есіме алдым. Өйткені өзімде де астау болмаса да, ұршығын серік еткен сондай бір апа бар еді...
Нұрлан атаның үйіндегі апайымыз біз әңгімелесіп отырғанда шелпек пісіріп, бар жылы жұмсағын салып, дастарқан жайып үлгерген екен. "Оралханның қонақтары біздің де қонағымыз. Далаға келгендей болмаңдар. Шәй ішкізбей жібермейміз. Кезінде осы менің қолымнан Оралхан да талай шәй ішкен" деп аялдатты. Жақсы әңгімеге де, Алтайдың қаймағы мен бауырсағына да тойдық. Tangsholpan екеумізге бір-бір уыс құрт салып берді. Оны кездескен жұртқа "Оралханның ауылының құрты" деп біразға дейін таратып жүрдік. Ал жүректі Оралхан ауылының осы бір қарапайым адамдарының бізге көрсеткен мейірімі әлі жылытып жүр ?
Ал сіз Оралхан Бөкейдің қай туындысын оқығансыз?

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Жетінші сыныпта ғой деймін, қолыма Оралхан Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» деген әңгімелер жинағы түсті. Кітапты оқып шықтым. Жай ғана оқымадым, ессіз ғашық болып оқыдым. Кітаптағы «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Мынау аппақ дүние» мен үшін әлемдегі теңдессіз туындыларға айналды. Сонау өр Алтайдың, асқақ Алтайдың баурайындағы шағын ауыл мені өзіне қарай тартты да тұрды. Ешқашан көрмеген, білмеген Оралханның өр Алтайына ғашықтығым солай басталған. Ол ынтызар мекенді әйтеуір бір көретініме сенуші едім ☺ Расымен, биыл жаздың соңында Шыңғыстайға жол түсті. Оралхан суреттеген аядай ғана ауылды көрдім, оның "Ауыл хикаяларындағы" кейіпкерлерін көрдім. Ал "Қар қызындағы" басты кейіпкер естеріңізде ме? Шөп әкелуге кетіп, боранда адасатын тракторист жігіт ше? Міне, дәл сол кейіпкердің үйінде қонақ болдық. Өзі Оралхан атамыздың сыныптасы екен. Небір қызық естеліктер айтты. Оралханның кейіпкерлерін өзімнің ескі таныстарымдай түгендей бастадым. "Тортай мінер ақбоз аттағы" Тортай қайда?" деймін ғой, Нұрлан ата: "Өмірден өтті ғой" деп оның аянышты тағдырын баяндайды. Анау ше? Мынау ше? Көпшілігі ауыл іргесіндегі қабірлер мекеніне қоныс аударыпты. "Апамның астауын" оқып, "жылағанымды есіме алдым. Өйткені өзімде де астау болмаса да, ұршығын серік еткен сондай бір апа бар еді... Нұрлан атаның үйіндегі апайымыз біз әңгімелесіп отырғанда шелпек пісіріп, бар жылы жұмсағын салып, дастарқан жайып үлгерген екен. "Оралханның қонақтары біздің де қонағымыз. Далаға келгендей болмаңдар. Шәй ішкізбей жібермейміз. Кезінде осы менің қолымнан Оралхан да талай шәй ішкен" деп аялдатты. Жақсы әңгімеге де, Алтайдың қаймағы мен бауырсағына да тойдық. Tangsholpan екеумізге бір-бір уыс құрт салып берді. Оны кездескен жұртқа "Оралханның ауылының құрты" деп біразға дейін таратып жүрдік. Ал жүректі Оралхан ауылының осы бір қарапайым адамдарының бізге көрсеткен мейірімі әлі жылытып жүр ? Ал сіз Оралхан Бөкейдің қай туындысын оқығансыз? #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #ОралханБөкей #Қатонқарағай #Шыңғыстай

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Марфуға Шапиян Инстаграм парақшасынан

Қатысты Мақалалар