Таразда «Текті сөздің төресі– терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

/uploads/thumbnail/20181103121602919_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі– терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Аталған байқауда еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан іріктелген 17 жыршы-термеші бақ сынайды. Байқауда жыршы-термешілер мен танымал дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Текті сөздің төресі - терме

Ұйымдастырушы: Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы

Өтетін орны: Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залы(Төле би 89)

Өтетін уақыты: 9 қараша, 2018 жыл

Басталуы сағат: – 18:00 

Кіру тегін

Қатысты Мақалалар