Баян Есентаева өзінің ресми Инстаграм парақшасында осылай деп мәлімдеді.
Есентаеваның айтуынша: "Соңғы кездерi әлеуметтiк желiлерде Қайрат Нұртас "сапасыз" ән айтады деген айыптау жиiлеп кеттi. Сынға алғандар - әншiлер мен музыканттар. Айтуларынша Қайрат Нұртасты талғамсыздар ғана тыңдайды. Бiрден айтайын, мен олай ойламаймын. Әр әншiнiң мақсаты - халықтың жүрегiне жол табу. Халық ақымақ емес. Әншiнi жақсы көрсе, көңiлiнен шыққаны. Ол көше әндерiн емес, талантты композиторлардың туындыларын орындайды, дауысы бар, өте "музыкальный" орындаушы. Барды бар деп айта бiлгенiмiз абзал. P.S. жолың болмаса беталды Қайрат Нұртасқа жаба салудың қажетi жоқ. Керiсiнше, халыққа жағатындай "әрекет" ет."