«Жағымпаздардың» қара тізімін жасайтын уақыт жеткен сияқты!..

/uploads/thumbnail/20181126102643236_small.jpg

Қазақта «қызды сөз аздырады, алтынды жез аздырады» деген мағынасы тым тереңде жатқан керемет бір қанатты сөз бар.

Енді осы қанатты сөзді «мемлекет басшысын сөз аздырады, алтынды жез аздырады» деп түрлендірсек түгіміз кетпейді. Тәңірдің жебеуімен бізге өзі келген Тәуелсіздігімізді алғанымызға, мінеки, табаны күректей 27 жыл болды!

Иә, тура 27 жыл!

27 жыл!

27 жыл!

Бұл 27 жыл – тарих үшін түк болмағанымен осы мемлекетті құрушы біз үшін, қазақ үшін аз уақыт емес!

Әлгі «сөзбен аздырғыштарды» тура мағынасында «жағымпаздар» деп ауыстырып айтатын болсақ, айтпағанның өзінде, мына 27 жыл ішінде мемлекетімізде тұтастай жер қайысқан жағымпаздар армиясы пайда болған сияқты.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», енді осы жер қайысқан қалың жағымпаздар армиясының басында кімдер тұрғанын ашып айтатын уақыт жеткен сияқты.

Соларды көздеріне шұқығандай болып атап, «қара тізім» жасасақ қайтеді, өзі?

Ал, қане, сонымен кім бірінші?

1.

2.

3.............

 

Сонымен, өздеріңізден белсенділік болса екен деп тілеуші әрі бастама көтеруші,

Жұмаш Көкбөрі

 

Қатысты Мақалалар