Әндері хит болып, қыздардың арманына айналған Ернар Айдар қарқынды жұмысқа кірісті.
Жылына бірнеше ән жаздыратын ол, осы жолы “Қайдасың” туындысына бейнебаян түсіріп жатыр.
Көптеген тыңдармандар Ернар Айдарды екінші Қайрат Нұртас деп жатады. Шырқаған әндеріне дейін ұқсастық бар деген олар, тіпті билеген іс-қимылдары мен стиліне дейін көшіріп алған деп пікірлерін білдірген еді.
Өзіндік ерекшелігі қалыптаспаған деп әншіні біраз жерге дейін апарса да, сол Ернар бүгінде тойда үлкен сұранысқа ие болып отырған әншілердің қатарында.

Жаңа клип түсіруді бастаған өнер иесі түсірілім барысында бір қызды құшақтап түскен бейнероликтерінің үзіндісін инстаграмға салып отырды. Алайда, сол сюжетті көрген кейбір аруларымыз ашу шақырған сияқты.
ызғанып, тіпті қасындағы қызға ызасы келіп отырғанына айтып, пікір қалдырды. Ал қол жетпеген басқа бикештер Ернар құшақтаған сол қыздың бақытты екенін айтып, іштей тынды.
NUR.KZ