17 сәуір күні АҚШ-та прокатқа шыққан режиссер Лео Габриадзе мен продюсер Тимур Бекмамбетовтің «Unfriended» («Достар қатарынан шығару»- «Убрать из друзей») фильмі тек түнгі сеанстардың өзінде-ақ $600 мыңнан артық қаражат жинады, деп хабарлайды Рен ТВ.
«Unfriended» үрей фильмі АҚШ-та 2,7 мың экраннан көрсетіледі. Сарапшылардың пікірінше, бұл фильм АҚШ-тағы прокатының өзінен $12 млн жинайды. «Фильм идеясының авторы - Тимур Бекмамбетов. Ғаламтор қазіргі таңда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының басты құралдарының бірі болып отыр. Ал қарым-қатынас бар жерде драма бар. Кино түсірушілер сол драманы көрерменге жеткізулері керек», - дейді картина режиссері Лео Габриадзе.