Еліміздегі пайыздық үстемелер бойынша ең қолайлы жағдайлар ұсынатын банктің тұрақты клиенттері мен қонақтарына арнаған аталмыш шарасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрады. Бүгін де Банк қызметкерлері жоғары деңгейлі іс-шарасымен көктемнің шырайын одан әрі асырғандай. Оператор-консультанттардың әуезді әнді флешмобымен басталған шараға келген қонақтардың да саны көп болды. Астана қаласындағы орталық филиалдың директоры Айжан Тұрақбайқызы банктің тұрақты клиенттері мен сенімді серіктестеріне алғыс білдіріп, «Алғыс хат» табыстады. Шара қонағы танымал журналист Динара Сатжанның «Міндетті түрде BI Group серіктестігімен біріккен жоба арқылы тұрғын үй жинақ салымын ашамын» деуі, барлық қонақтың қызығушылығын одан сайын арттырды.
Айта кету керек, банк 2015 жылдың алғашқы ширегінің өзінде 36644 млн теңге көлемінде 5400 займ берілген. Қазақстандағы әрбір жетінші салымшы аталған банктің қызметін пайдаланады. «Клиенттердің көп келу себебінің бірі – Мемлекет Басшысы қойған тапсырмаларды тыңғылықты орындауымызда», - деп атап өтті «Тұрғынүй жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры Ерұлан Жамаубаев. Оның айтуынша 2023 жылға таман халықтың 17 % -на қызмет көрсету жоспарланған.
Ақпараттандыру мақсатындағы шара банкпен толықтай танысу экскурсиясымен жалғасты.
Құралай Исаева