Ұлыстың ұлы күні Димаш Кремльді бағындырады

/uploads/thumbnail/20181121102049444_small.jpg

2019 жылдың наурызында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Кремльде жеке кешін өткізбек. Бұл туралы әнші өзінің Instagramдағы парақшасында жазды.

«Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы, Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда жеке кешімде көріскенше!», - деп жазды Димаш.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Мәскеу. Мемлекеттік Кремел сарайы, Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызда жеке кешімде көріскенше! ______________________________________________ Москва. Государственный Кремлевский дворец. До встречи 22 марта на моем сольном концерте в России. На днях стартует продажа билетов. ______________________________________________ Moscow. The State Kremlin Palace. See you on March 22 at my solo concert in Russia. Tickets will be sold the other day.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Мемлекеттік Кремль сарайының ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Димаштың кеші 22 наурыз күні сарайдың Үлкен залында 19:00-де басталады.

«Қазақстандық талантты, жас әнші Димаш Құдайберген азғантай ғана уақыт ішінде әлемді бағындыра алды. Бүгінде оны әлемнің түкір-түкпірінен миллиондаған халық тыңдайды. Жас талант ең алдымен қытай сахнасын бағындырды. Дауысының диапазоны – 6 октава. Ән айтудың қыр-сырын меңгерген.

2018 жылдың қарашасында Димаш алғаш рет Мемлекеттік Крмель сарайында «Любовь уставших лебедей» әнін шырқады», - делінген афишада.

Қатысты Мақалалар