Әлемде Бутан деген мемлекет бар. Бутан туралы 25 қызықты факт

/uploads/thumbnail/20181220101739155_small.jpg

Әлемде Бутан деген мемлекет бар. Ұлттық мемлекет күні – 17-желтоқсан. Сол мерекеге орай Брюссельдегі Бутан елшілігі Еуропада оқып жүрген барлық студенттерін шақырып бас қосты, ас берді. Досым Чогиелдің арқасында бұл шараны көріп қалдым. Бүтін бір елдің елшісінің президенті қос қолдап амандасып, күтіп алғанына таңданып һәм ыңғайсызданып қалдым. Кейбір бутан-әпшелер мені сол ұлттың адамы деп ойлап қалып сұрақтың астына алды. "Айым фром Қазақстан" деп әрең тоқтаттым. Ол жерде жалғыз бутандық емес, француз, нидерланды, швед, мажар, тайланд т. б. ұлт өкілдері болды. Кейбір бутанның Еуропалық күйеубалалары да жүрген. Не деген қарапайым адамдар деп таң қалдым. Әсіресе, бойы теректей швед қария маған жақындап келіп 15 жыл бұрын Алматыда болғанын айтты. Біраздан соң не жұмыс істегенін сұрасам, жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде агент болып істепті. Әсіресе, Вьетнам, Бангладеш т.с.с елдерде қызмет қылыпты. Ол жемқорлықты төмендетуге болатынын, бірақ жоя алмайтынымызды айтып қаймықты. 
Соңыра, бәріміз Бутанның тағамынан дәм таттық. Ұлттық күнімен құттықтадық.

Енді осы ел туралы қызықты 25 дерек:

  1. Өздерін "Айдаһар елі" деп атайды.
    2. Ұлттық киім кию міндетті.
    4. Басқа ұлтпен некелесуіне тыйым салынған.
    5. Темекі шегуге, сатуға болмайды.
    6. Бутан ең қауіпсіз елдің бірі. Қылмыс пен жемқорлық жоқтың қасы.
    7. Медицина мен білім тегін.
    8. Халқы небәрі 750 мыңнан асады.
    9. Аз халық болса да, елде 25 түрлі тіл бар екен. Мысалы, менің досымның ана тілінің тіпті жазба түрі жоқ екен. Тек ауызша сөйлеседі. Сондай-ақ ол 8 тілде сөйлей аламын дейді. Оның ішінде ағылшын, хинди, бангладеш тілдері бар.
    11. Бұл елде бір де бір бағдаршам жоқ.
    12. Бәрінің жеке баспанасы бар екен. Лашық болсын, бар. 
    13. Мемлекетті агро және туризм асырап отыр.
    14. Кедей мемлекет саналғанымен, саяхат жасау туристің қалтасына салмақ салуы мүмкін. 
    15. Қонақүй бағасын билік белгілеп береді. 
    16. Ағаш кесуге тыйым салынған. 
    17. Ешбір өніміне химикат қосылмайды. Табиғи. 
    18. Ұлттық спорты – садақ ату.
    19. Күрішті жақсы көреді. 
    20. Мәдениетінің жақсы сақталуына көп жыл оқшау өмір сүргенімен байланысты.
    21. Діні – буддизм (70%), индуизм (25%), ислам (5%). 
    22. Билік ТВ көрсетуге, интернетке 1999 ж. дейін тыйым салған.
    23. Үндістанмен өте тығыз қатынаста.
    24. Қытаймен онша араластығы жоқ. Кейбір даулы жерлері де баршылық екен. 
    25. Халқы ерекше қонақжай.

Бекжан Бердіқұлдың фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар