Әлемді бір сәтте өзгертіп, тың идеялардың авторы ретінде танылған тұлғалар аз емес. Адамзат тарихында олардың ғылыми жетістіктері мен жаңа өнертабыстары ақиқатында ғасырлық прогреске әкелді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына алғашқыда жолы болмаған, олардың жетістігіне ешкім сенбеген, бірақ әлемді өзгерте алған тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады.
Адольф Гитлер 15 жылда үш сыныпты әрең бітірген
Иә, бәрімізге танымал фюрер әлемдегі ең ықпалды саясаткерлер қатарына енгелі қашан?! Ол бала кезінде мектепте бірнеше пәнді ғана түсінген. Тіпті кейбірін мүлде оқи алмаған. Бірінші сыныптың өзінде екінші жылға қалған екен. 15 жыл ішінде тек үш-ақ сыныпты әрең тәмамдаған. Мұғалімдері оның шектен тыс қырсық, өзімшіл екенін, ал мектепте сабақты әдейі оқығысы келмегенін айтқан. Мектептен кейін Гитлер білім алумен өз бетінше айналысады. Нәтижесінде ағылшын және француз тілдерін еркін меңгеріп шығады. Кейіннен, Францияны толық жаулап алғаны да есімізде. Алғашқы сәтте оның мұндай танымал тұлғаға айналатынына тіпті отбасы да сенбеген. Ал ол тарихты түбегейлі өзгерте алды және есімі тарихта қалды.
Эмили Элизабет Дикинсон – бір кітап шығармаған АҚШ тарихындағы ең ұлы ақын
Көзі тірісінде оның поэзиялық туындысының онға жуығы ғана жарық көріп, соның өзінде қатаң редакциялауға ұшыраған. Бірде-бір кітап шығармаған ол көпшілік ортамен де араласпаған. Ол қайтыс болғаннан кейін сіңлісі өлеңдері жазылған қойын дәптерді тауып алып, баспаға береді. Тек 50 жылдан кейін ғана оның туындылары өз бағасын алып, оған "АҚШ-тың классик ақыны" деген атақ берілді. Бүгінде Америка Эмили Дкинсонды АҚШ тарихындағы ең ұлы поэтэсса ретінде таниды.
Стив Джобс қалай компьютер әлемінің қожасына айналды?
Әлемдегі ең ықпалды бизнесмендер көшін әрине, Стив Джобс бастап тұрғанына ешкім күмән келтірмейді. Алайда, жас күнінде көптеген қиындықтан өткен Джобстың бүгінгі жетістігі шынайы еңбектің арқасы. Ол дүниеге келе сала, ата-анасы одан бас тартады. Мектеп мұғалімдері де оған ешқашан сенбеген. Тек бір ғана оқытушысы оның қабілетін байқап, төртінші сыныптан бірден алтыншы сыныпқа көшіреді. Ол алғашқы бизнесін гаражда отырып бастайды. Бірнеше жылда бір ғана компьютер сатып, оның өзі жұмыс істемегендіктен кері қайтарылады. Сөйтіп, оны өз компаниясынан жұмыстан шығарып жібереді. Ал бүгінде ол компьютер әлемінің қожайынына айналған тұлға атанды.
Стивен Хокинг қозғалыссыз өмірінде ғаламды қозғалуға шақырды
Заманауи ғылым әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі – Стивен Хокинг. Ол 20 жасқа келгенде дәрігерлер айықпас дертке шалдыққаны туралы диагноз қояды. Тіпті 2 жыл ғана өмірі қалғанын айтады. Ал ол 76 жасқа дейін өзгелерге үлгі болатындай өмір сүрді. Ол өмірінің жартысынан астамын мүлде қозғалмайтын халде өткізді. Өкпесі қабынып, дауысынан айырылды. Алғашында достары оған дыбыс синтезаторын сыйлайды. Біраз уақыттан кейін ол да пайдаға жарамсыз болып қалады. Оның бүкіл ағзасы істен шығып, тек бетіндегі бір ғана бұлшық еті қозғалысқа жарамды күйінде болады. Сол арқылы арнайы компьютердің көмегімен ол өз ойын айналадағы адамдарға жеткізуге мүмкіндік алды. Әлемнің барлық елдерінде мотивациялық, ғылыми дәрістерін оқыды. Қайырымдылықпен айналысып, ғарышқа ұшып, екі рет үйленіп, балалы болды. Әлемге ғаламшардың сырын танытқан тұлғаның зерттеулері ғылыми құндылығы жоғары жетістік ретінде бағаланды.
Альберт Эйнштейннің бір теңдеуі бүкіл әлемді өзгертті
Бала кезінде анасының өзі оны "жетілмеген" деп ойлады. Үш жасқа дейін тілі шықпаған ол әрдайым өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын болған. Десе де, геометрия, физикаға қызығып, кітап оқумен уақытын өткізді. Анасы "бес жасар бала үшін нақты ғылымдарға қызығушылықтың пайдасынан зияны көп" деп ойлады. Мектепте оқу үлгерімі нашар болып, оны басқалар күлкіге айналдырды. Университетке де екінші рет бағын сынағанда әрең түсіп, профессорлар оған ғылыммен айналысуды тоқтату керектігін айтқан. Ол жұмысқа орналаса алмай, бірнеше күн аш жүрген. Кейін өзінінің әйгілі салыстырмалы теориясын ойлап тапқанда да ешкім елемеді. Жыл сайын Нобель сыйлығына ұсынылып, жүлдесіз қайтатын. Тек 1992 жылы ғана оның фотоэффект құбылысы туралы теориясы үшін ғана Нобель сыйлығы берілді. Ал оның бұрынғы ашқан заңдары қазіргі техника заманында ғана қолданысқа енді. Атақты теңдеуі бүкіл әлемді өзгертті.
Джек Ма - Қытайдың ең ықпалды тұлғасы
Бүгінгі миллиардер кезінде төрт сынақтан сүрініп, мектепте дұрыс оқи алмаған екен. Ал аспанасты елінің қаншама атақты компаниялары бар, бірақ олардың бәрін біле бермейтініміз анық. Тек интернеті бар әрбір адам "Алиэкспресс" туралы естіген болар. Міне, сол компанияның негізін осы Джек Ма салған. Ал оны он рет университетке қабылдамай, он рет түйіндемесі кері қайтарылған. Ең алғаш аудармамен айналысатын компаниясының ғимаратын жалға алып, оны төлеу үшін үйіндегі бүкіл заттарын сатқан. Ал компаниясы үш жыл бойы дағдарыста болды. "Алиэкспресс" сайтын құрастыру кезінде де көптеген қиындыққа тап болып, ал Қытайдағы интернеттің жылдамдығы бірнеше сағатта тек бір бетті ашуға мүмкіндік берді. Инвесторлар жобаға қаржы салудан бас тартты. Ол шаруаға өзі кірісуге бел байлап, өз пәтеріндегі бұрышта бір компьютер үстелінен алпауыт компаниясының негізін қалады. Бүгінде Джек Қытайдағы ең ауқатты адам. Оның жеке бюджеті 30 миллиард доллардан асып түседі. Электронды сауда айналымының төрттен үш бөлігіне қожалық ететін Джек Ма ең ықпалды бизнесмен атануына себептер жетерлік.
Полковник Сандерс 60 жыл қайыршылықта өмір сүрген
Бүгінгі таңда әлемдегі ең танымал тамақтану орыны – KFC екені белгілі. Оның негізін қалаушы Харланд Дэвид Сандерс 60 жыл қайыршының күйін кешкен. Әкесі ол 5 жасқа келгенде қайтыс болады. Анасы күні бойы жұмыс істегендіктен, бала кезінде ол үйдегі тамақ жасауды өз мойнына алған. Үй шаруасымен айналыса жүріп, мектепке жиі бармайтын. Жетінші сыныпқа көшкенде оны оқудан шығарып жібереді. Арнайы білім алуға мүмкіндігі болмаған Сандерсті тіпті от жағушы қызметінен де қуып жіберген. 60 жылға жуық уақыт бойы бірде-бір тұрақты қызмет етпеген. Сол жылдар аралығында жиған тиын-тебеніне жол бойынан дөңгелек жасайтын орын ашады. Оның жанынан шағын түскі ас ішетін орталық ашылады. Ондағы тауық еті бәріне ұнайды. Бұл асхана туралы бүкіл Америка естиді. Біраз уақыттан кейін, оның орнына жаңа жол түсетіндіктен, шағын кәсібін жауып тастайды. 62 жасқа қараған қария Сандерс өмірінде тек бір ғана істі дұрыс істей алатынын түсінді. Ол - тауық етін қуыру еді. Осылайша, бәрін қайта бастауды ұйғарған ол бір мейрамханаға барып өз өнімін таныстыруға 15 минут уақыт беруін сұрайды. Мейрамхана қожайынымен Кентукки тауығын ас мәзіріне енгізу туралы келісімге келеді. Кейін өзге де тамақтану орындары онымен келісімге отырып, оның брендімен аталатын мейрамханалар ашыла бастайды. Әр сатылған порциядан 5 доллар ғана алып отырған Сандерс 10 жыл ішінде біраз жетістікке жетеді. Алайда, жасы 70-тен асқан Сандерс үшін тауық етін әр жерге жарналамалай беру қиынға соға бастайды. Ол бүгінгі ақшамен санағанда 2 милилон долларға өз кәсібін сатып жібереді. Ол 90 жасында қайтыс болды. Ал ол негізін қалаған атақты KFC жылына әлем бойынша 20 миллиард доллар қаржы тауып отыр.
Бұл адамдардың әрқайсысы әлемнің әр түкпірінде әртүрлі істермен, кәсіппен айналысты. Дегенмен оларды "алға қойған мақсатқа жету" деген негізгі ой біріктірді. Осы қасиеттер оларды, атын әлемге танытты, бай-дәулетті етті.
Пікір қалдыру