Ресейдің атақты тележүргізушісі, ресейлік бірінші арнадағы "Давай поженимся!" бағдарламасының кеңесшісі, Ресейдің бас жеңгетайы Роза Сябитова енді өзінің ұлына жар іздеуге кірісті. Ол ұлына жар, өзіне келін үздеу үшін
Instagramәлеуметтік желісінде жақсылап тұрып жарнамасын да жасаған. Роза Сябитованың бұл мәлімдемесі интернет қолданушылардың қызығушылығын туғызып қана коймай, қызу пікір-талас туғызған. "Ұлым Дениске (Дамир) жар іздеп жүрмін. Ескертемін! Тек ҚАЗАҚ қызын аламыз!",-дейді теле-жеңгетай оған қазақстандық агенттіктер көмек беретінін де жазған. Роза Сябитова мұндай таңдауға не үші келгенін, "қазақ қыздары тәрбиелі, үй шаруасына жақын, иілгіш, сыпайы болып келеді", деп түсіндірген. Ал әлеуметтік желі қолданушылары Денисті "мамасының баласы" деп атап кеткен. Себебі, атақты әйел өзінің 25 жасар ұлына бірінші рет қалыңдық іздеп жүрген жоқ. Ол бұған дейін, "Давай поженимся!" бағдарламасына шығарған. Алайда кездесулер сәтсіз аяқталған. Нұрзат Тоғжан