"Шылқып баюымыз, былқып тоюымыз керек..."

/uploads/thumbnail/20190209122316056_small.jpg

Дағдарыстан аман өту үшін,

Өркениеттілікке жету үшін.

Шылқып баюымыз,

Былқып тоюымыз керек.

Сосын дамуды

Жолға қоюымыз керек,

–Деп бәріміз дүрлігіп,

Сүрініп-қабынып сүрлігіп.

Кедейшілікке қарсы

Майдан ашып,

Кірістік жеуге ашық.

Арамза алпауыттар асап,

Арсыздар жеңгетайлық жасап.

Алаяқтар жұртты алдап,

Суайттар жанын жалдап.

Ұрылар бір жерден жымқырып,

Жымқыра алмаса қымқырып.

Сыбайластар ұйымдасып,

Айлакерлер жалған ұйым ашып.

Жалақорлар жала жауып,

Делдалдар пайда тауып.

Парақорлар пара алып,

Тоқетері–

–жемқорлықтың түр-түрі

Бара жатыр таралып

О, тоба!

Еңбек етпей ішіп-жеу,

Болмай қалды жаңалық.

            ***

Оу, ағайын!

Адалдап асымызды

Жейік те талғап-талмап.

Әйтпесе ақырында,

Өзімізді өзіміз

Қоярмыз бір күн жалмап.

Күләш Байдалы

Қатысты Мақалалар