Алмалы «Экспо Бағының» сақтаушысы Қазақстанда пайда болды

/uploads/thumbnail/20170708180036014_small.jpg
Ұлы жеңіс күніне орай «Жасыл» технологиялармен шұғылданушы мектепте 70 көшет отырғызылды.

Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Вячеслав мектебінде қуат көздерінің тиімділігін енгізу негіздерінің бірі ретінде  «Жасыл технологиялар» іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мектеп іргесінде жер телімі, тамшылатып суарылатын технологиялы жылыжай,  су жылытатын күн батереялары, ғимаратты жылытуға арналған пиролиздік пеш, жарық диодты жарықтандыру және тағысын-тағылар бар. Ал енді өздерінің «ЭКСПО Бақ» алма бағы пайда болды... «Алдымызда тұрған «ЭКСПО-2017» көрмесінің ең басты тапсырмаларының бірі - Болашақ энергиясы екенін біз білеміз. Ал бұл дегеніңіз алғашқы кезекте әрине, ауаны тазарту, климатты өзгерту және т.б., яғни Вячеслав мектебінің жүзеге асырып жатқандары. Бұл жерде ең озық технологиялар, соның ішінде, адамдардың тұрмысына тікелей байланысты эко-технологиялар да бар» - деп бақты отырғызу жерін таңдау себебін түсіндірді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова. Өз алма ағашын отырғызуға келген қонақтардың арасында тыл еңбекшілері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінен келген қонақтар, Парламент депутаттары, Аршалы ауданының әкімшілігі, әскери адамдар және т.б. «Жалпы алғанда, Ұлы жеңістің 70 жылдығы құрметіне 70 алма ағашы отырғызылды. Келешекке EXPO-2017 көрмесінен ерекше мұра ретінде әр көшетке бір-бірден бастауыш сынып оқушысын – ағаштың кішкентай қорғаушысын бекітіп қойдық», - деді мектеп директоры Татьяна Немцан. Оқушылардың сөздеріне қарағанда, бұл бақ та мектептегі басқа көшеттер тәрізді тамшылатып сулау технологиясымен суарылатын болады. «Біз жасыл эономиканы ұнатамыз және тәжрибеге жеті озық технология енгізіп үлгердік. Жақында жер құрылымын нашарлатпастан қажет тереңдікте, бірқалыпты ылғалдандырып, әр-түрлі суару мөлшерлерін біршама дәл ұстауға мүмкіндік беретін жауын қондырмасын пайдалануды бастадық. Кім біледі, бәлки көрменің ашылуына қарай бұл жас көшеттердің алмасының дәмін де татармыз», - дейді тамшылатып суару қолданылатын жертөлелік гидропондық фитодиодтық жылыжай жобасының авторы Таңат Аспанғалиев. Шара соңында мерекелік концерт қойылды, ыстық бауырсақтармен қыр дастарқаны жайылды, Жеңістің 70 жылдығы құрметіне бірнеше дүркін әуеге оқ атылылды және Вячеслав мектебінің оқушыларына «Экспо Бағының сақтаушы» сертификаты салтанатты түрде табыс етілді. Ұйымдастырушылары: «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі, G-GLOBAL Халықаралық хатшылығы, «Ақбота» қоғамдық қоры және «Тұрақты даму» Жер қоры.

Қатысты Мақалалар